"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 – баптарына және 2025 жылғы 3 наурыздағы Қазақстан Республикасының "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Заңының 9-бабы 1-тармағының 22,24-тармақшаларына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 1 тамыздағы №1156 қаулысымен бекітілген "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жаңа редакцияда бекітілсін.
2. "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен жоғарыдағы көрсетілген Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін
Қала әкімі | Ә.Пазылбекұлы |
Түркістан қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "___" маусымдағы №_____ "Түркістан қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 1 тамыздағы №1156 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысына қосымша |
Түркістан қаласы әкімдігінің "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Түркістан қаласы әкімдігінің "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі) қаланың жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствасы бар:
1) "Түркістан жол қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Байбұрт көшесі № 2.
10. Осы ереже "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетiнен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субьектілермен "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Мекеменің жұмыс режимін Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жүргізіледі.
"Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Түркістан қаласы әкімдігі болып табылады.
2. Бөлімнің мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Бөлімнің мақсаттары:
1. Қала әкімінің және бөлімнің құзырына кіретін негізгі міндеттерді, нормативтік актілерді және тапсырмаларды жүзеге асыру;
14. Өкілеттіктері:
1. Бөлімнің құқықтары:
1) Автокөлік жолдарының бағдарламаларын әзірлеу және дамыту;
2) Қаланың жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары саласын дамыту бойынша ұсыныстар енгізу;
3) Қала әкімдігінің регламентіндегі белгіленген тәртіпке сәйкес автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі мәселелері бойынша өтініштер қабылдайды;
4) Заңда көзделген тәртіпте ұйымдар мен мекемелерден ақпарат сұратады;
5) Түркістан қаласының коммуналдық меншігіндегі көлік инфрақұрылымы объектілерін қағидаға сәйкес басқаруға беру тәртібін айқындайды.
6) Мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша Түркістан қаласының аумағы арқылы транзиттік автомобиль көлігі жүрісінің схемалары мен тәртібін айқындайды.
7) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген міндеттерді шеңберінде қаланың автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі жұмысын ұйымдастыру саласындағы барлық жағдайларды орындау болып табылады.
2. Бөлімнің міндеттері:
1. Қаланың жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары саласы бойынша қызметтерді орындау және қадағалау;
15. Бөлімнің функциялары:
1. Жергілікті және мемлекеттік маңызы бар автокөлік жолдары және басқа мүліктерді күтіп ұстау және дамыту;
2. Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру;
3. Қазақстан Республикасының көлік саласына сәйкес қала көлемінде жолаушылар көлігін ұйымдастырады;
4. Транспорттық инфрақұрылымды дамыту (жол белгілерін, бағдаршамдарды орнату, жол бөлу сызықтарын (ақ жолақ) сызу), жол жарық шамдарын орнату, аялдамалар орнату, автобустардың және шағын автобустардың жұмысын үйлестіру;
5. Қала көлемінде заңсыз тасымалмен айналысушы азаматтардың, кәсібін заңдастыру мақсатында жұмыстар жүргізу;
6. Жол қазу жұмыстарына ордер беру;
3. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері.
16. "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Респуликасы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
қаланың автокөлік жолдары және жолаушылар көлігін дамыту мәселелері бойынша жалпы басшылық жасау;
"Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Бірінші басшысы өз мамандарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
21. "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын лауазымды тұлға басқарады.
22. "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің алқалы органдары жоқ.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасынада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік, республикалық/коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.