Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 3 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы, 2- тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан қалалық аумақтық инспекциясының 2025 жылғы 23 мамырдағы №08-02-07/308 санды ұсыныс хатына сәйкес, Түркістан қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қазақстан Республикасы АШМ ВБжҚК "Республикалық Ветеринариялық Зертхана" ШЖҚ РМК ОҚӨФ-ның 22.05.2025 жылғы SO-25-X14(01)-00525/X-797-А-E сараптау актісінің қорытындысына сәйкес, Түркістан қаласы, Ә. Ахметов көшесі мекен-жайынан "құтыру" ауруының "оң" нәтижесі анықталуына байланысты, Түркістан қаласы Ә. Ахметов көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Төлегеновке жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілсін.

      Қала әкімі Ә. Пазылбекұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады