Кентау қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы "Қалалық коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің көлемін белгілеу туралы" № 82 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2025 жылғы 29 мамырдағы № 197 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 8-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Кентау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кентау қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы "Қалалық коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің көлемін белгілеу туралы" №82 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ж.Тасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады