Арыс қаласы "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 18 маусымдағы № 360 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №66 бұйрығына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Сазанов "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін қолданыстағы заңға сәйкес Әділет органдарында тіркеуден өткізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Сазановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулының орындалуын қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев жүзеге асырсын.

      Арыс қаласының әкімі Қ.Маңқараев

  Арыс қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "_18_" _маусым___
№_360_ қаулысына қосымша

Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер

      1. Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген шекте, ауыл шаруашылығы саласында жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.

      2. Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделген шешімдер қабылдайды.

      8. Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Арыс қаласы, Д.Қонаев көшесі №9А. Индекс 160100.

      10. Осы Ереже Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субьектілерімен мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауыл шаруашылығы саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру болып табылады.

      14. Өкілеттіктері:

      1. Құқықтары:

      1) Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасу жүргiзу;

      2) қаланың атқарушы органдарынан, ведомстволардан, ауылдық округ әкімдерінен қажеттi құжаттармен, ақпараттар, қызметтерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың жекелеген лауазымдық тұлғалардан түсiнiктемелер сұратуға және алуға, Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзіретіне жататын мәселелерді шешуге қатысуға қаланың атқарушы органдарының қызметкерлерін тартуға;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, қала әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындалуын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау;

      4) қалалық әкiмдiктiң және мәслихаттың мәжiлiстерiне, қалалық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысу;

      5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2. Міндеттері:

      1) өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алу, Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құру;

      2) ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде қала әкіміне ұсыныстар енгізу, Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асыру;

      3) Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар енгізу, оның орындалуын қадағалау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысу;

      4) қала деңгейінде ауыл шаруашылығы мәселелеріне мемлекеттік тапсырыстарды іске асыруға қаржыландыруды жүзеге асыру;

      5) Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін ауыл шаруашылығы саласында, азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсету;

      6) Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      15. Функциялары:

      1) қала аумағында агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзiрлеу және оларды iске асыруды қамтамасыз ету;

      2) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн, Заңдарға, осы саладағы мемлекеттiк, салалық (секторлық), өңiрлiк бағдарламаларға және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;

      3) агроөнеркәсіптiк кешен субъектілерiне мемлекеттік аграрлық азық-түлiк саясатының негізгі бағыттары мен тетiктерiн түсiндіру жөнiндегi жұмыстарды жүргізу;

      4) ауылдық аумақтарды дамытудың және осы саладағы бағдарламаларды iске асырудың мониторингін жүргізу;

      5) елді мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерiн әзiрлеу;

      6) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;

      7) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;

      8) ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығын мемлекеттiк реттеуді жүзеге асыру;

      9) индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының орындалу барысын үйлестіру, ауыл шаруашылығы саласында тұжырымдамалар, бағдарламалар, тиісті бағыттар әзірлеу;

      10) шаруалардың көктемгі егіс және егін жинауға қажетті жанар-жағармай материалдарымен, басқа да тауар материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға бөлінген субсидияларды алуын ұйымдастыру;

      11) шаруалардың жеміс дақылдарымен жүзімнің көпжылдық екпелерін өсіруді қамтамасыз етуге арналған субсидияларды алуын ұйымдастыру;

      12) асыл тұқымды шаруашылықтарды арттыру, сүтті, етті, мал шаруашылығын дамыту және қолдан ұрықтандыру бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру.

      13) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

      14) заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес машиналарға жыл сайынғы техникалық байқауды жүргізу және байқау актілерін беру.

      15) тракторлар мен ауыл шаруашылығы машиналарын тіркеу, тіркеуге өзгерістер енгізу, есептен шығару, заң аясында тіркеуден шығаруға шектеулер енгізу және тіркелген машина иелеріне тиісті құжаттар мен номерлік белгілер беру.

      16) Қазақстан Республикасының басқа аймақтарынан келген машиналарды уақытша тіркеуге алу.

      17) тракторларды және олардың базасында құрастырылған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, арнайы құралдар орналастырылған тіркемелерді қоса алғанда, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдердін, жол талғамайтын арнайы машиналарды және көрсетілген техниканы пайдаланатын тұлғаларды сенімхат арқылы мемлекеттік тіркеуге алу, тракторист –машинист куәліктерін беру және біліктілік емтихандарын қабылдау.

      18) "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механимдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекет тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету.

      19) "Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқаруды бөлім басшысы (әрі қарай-Бірінші басшы) жүзеге асырады, Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіліктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.

      19. Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1. Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасындағы қызметтік міндеттері мен олардың жауапкершілік дәрежесін үйлестіреді және бекітеді;

      2. Қазақстан Республикасының Заңнамасында және осы ережеде белгіленген құзіретіне сәйкес бірінші басшы дара басшылық ету принципінде іс-әрекет жасайды және Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысындағы мәселелерді жеке шешеді.

      3. Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқару кезінде бірінші басшы заңнамада белгіленген тәртіпте:

      3.1. Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан сенім хатсыз әрекет жасайды және барлық ұйымдарда Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді.

      3.2. Заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкіне билік жасайды.

      3.3. Банктерде есеп-шоттар ашады, Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады, оларға қол қояды және нұсқаулар береді.

      3.4. Заңдарға сәйкес Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      3.5. Заңдарда белгіленген тәртіппен Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады.

      3.6. Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентін бекітеді.

      3.7. Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады.

      3.8. Заңнамамен осы ережемен және қала әкімдігімен жүктелген басқа да қызметтерді атқарады.

      3.9. Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (акшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

      22. Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлкі коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар тізбесі:

      1) Арыс қаласының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Арыс су шаруашылығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады