Арыс қаласы "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 30 мамырдағы № 330 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №66 бұйрығына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ.Шойнахов "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекеменің Ережесін қолданыстағы заңға сәйкес Әділет органдарында тіркеуден өткізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ.Шойнаховқа жүктелсін.

      4. Осы қаулының орындалуын қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев жүзеге асырсын.

      Арыс қаласының әкімі Қ.Маңқараев

  Арыс қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "_30_" __мамыр___
№_330_ қаулысына қосымша

Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген шекте кәсіпкерлік саласында жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.

      2. Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеме басшысының актілерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері. Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Арыс қаласы, Д.Қонаев даңғылы №9 А. Индекс 160100.

      10. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның толық атауы - Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      13. Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық және жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      14. Мақсаттары:

      1) Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру табылады.

      15. Өкілеттіктері:

      1. Құқықтары:

      1) Мемлекеттік мекеменің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасу жүргiзу;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, қала әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындалуын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау;

      3) қалалық әкiмдiктiң және мәслихаттың мәжiлiстерiне, қалалық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысу;

      4) мемлекеттік мекемелерден, мемлекеттің қатысуындағы заңды тұлғалардан және өзге ұйымдардан өзінің құзыреті шеңберінде қажетті ақпаратты сұратуға құқылы;

      5) мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімдігі мен қалалық маслихаттың шешімдері мен қаулыларының жобаларын дайындауға қатысады;

      6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2. Міндеттері:

      1) өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады, Мемлекеттік мекемінің құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады;

      2) кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында мемлекеттік мекеменің қызметін жетілдіру жөнінде қала әкіміне ұсыныстар енгізеді, мемлекеттік мекемеге қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады;

      3) Мемлекеттік мекеменің қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді, оның орындалуын қадағалайды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады;

      4) Мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін кәсіпкерлік саласында азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді;

      5) Мемлекеттік органның құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді;

      6) Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      16. Функциялары:

      1) қала аумағында өнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзiрлеу және оларды iске асыруды қамтамасыз ету;

      2) өнеркәсiптiк кешен субъектілерiне мемлекеттiң саясатының негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

      3) ауылдық аумақтарды дамытудың және осы саладағы бағдарламаларды іске асырудың мониторингін жүргізу;

      4) өнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;

      5) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын

      жүзеге асырады;

      6) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;

      7) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн берілген несие көлемі жөнінде мәлімет жинақтап, талдау жүргізу;

      8) өңiрлерде мемлекеттiк бағдарламалардың iске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етедi және ол үшiн жауапты болады;

      9) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында кәсіпкерлер мен мемлекет арасында туындайтын өзекті мәселелер бойынша жиындар өткізіп, оларды заң талаптарына сәйкес шешу жолдарын қарастыру;

      10) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлер арасында кәсіпкерлік қызметті заң талаптарына сәйкес жүзеге асыру үшін шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген жеке заңды тұлғаға түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

      11) сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастырады;

      12) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      13) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi;

      14) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады;

      15) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлейдi;

      16) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      17) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шаралар әзірлейді және іске асырады;

      18) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      19) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;

      20) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру;

      21) Туризмді және туристік индустрияны дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шараларын ұйымдастыру;

      22) өзінің қызметінен туындайтын мәселелер бойынша сотқа талап арыздар бере алады;

      23) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      17. Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлімнің басшысы (бұдан әрі мәтін бойынша – бірінші басшы) жүзеге асырады.

      18. Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      19. Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.

      20. Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1. Мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасындағы қызметтік міндеттері мен олардың жауапкершілік дәрежесін үйлестіреді және бекітеді.

      2. Қазақстан Республикасының Заңнамасында және осы ережеде белгіленген құзіретіне сәйкес бірінші басшы дара басшылық ету принципінде іс-әрекет жасайды және мемлекеттік мекеменің жұмысындағы мәселелерді жеке шешеді.

      3. Мемлекеттік мекемені басқару кезінде бірінші басшы заңнамада белгіленген тәртіпте:

      3.1. Мемлекеттік мекеме атынан сенім хатсыз әрекет жасайды және барлық ұйымдарда Мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді.

      3.2. Заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мемлекеттік мекеменің мүлігіне билік жасайды.

      3.3. Банктерде есеп-шоттар ашады, мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады оларға қол қояды және нұсқаулар береді.

      3.4. Заңдарға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      3.5. Заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады.

      3.6. Мемлекеттік мекеменің жұмыс регламентін бекітеді. 3.7. Мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады.

      3.8. Заңнамамен осы ережемен және қала әкімдігімен жүктелген басқа да қызметтерді атқарады.

      3.9. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      22. Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

      24. Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      27. Арыс қаласының "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствалық қарамағында ұйымдар мен аумақтық органдар және мемлекеттік мекемелер жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады