Арыс қаласы "Құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 245 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №66 бұйрығына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арыс қаласының "Құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. Арыс қаласының "Құрылыс бөлімі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ.Ақылбайға "Құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекеменің Ережесін қолданыстағы заңға сәйкес Әділет органдарында тіркеуден өткізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын Арыс қаласының "Құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ.Ақылбайға жүктелсін.

      4. Осы қаулының орындалуын қала әкімінің орынбасары А.Сұлтанов жүзеге асырсын.

      Арыс қаласының әкімі Қ.Маңқараев

  Арыс қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "_22_" __сәуір___
№_245_ қаулысына қосымша

Арыс қаласының "Құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер.

      1. Арыс қаласының "Құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Мекеме) заңнамада көзделген шекте құрылыс саласында жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган, мемлекеттік сатып алу салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады;

      2. Арыс қаласының "Құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствалық бағынысты мекемелері жоқ.

      3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бұл мекеме – мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі, қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мекеме, егер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Арыс қаласы, Әл-Фараби көшесі №3 үй. Индекс 160100

      10. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мекеменің қызметін қаржыландыру, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес, республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Мекемеге Құрылыс субъектілерімен Мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері.

      13. Мақсаттары:

      1) Арыс қаласының "Құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген шекте құрылыс саласында жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган, мемлекеттік сатып алу салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы, мемлекеттік сатып алу салаларын басқару болып табылады;

      2) Мекеменің басқаруындағы мекемелердің қызметін үйлестіру;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      - мемлекеттік мекеменің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасу жүргiзу;

      - қалалық әкiмдiктiң және мәслихаттың мәжiлiстерiне, қалалық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысу.

      - жоғары органдарға қаланың негізгі даму бағыттары бойынша ұсыныстар енгізуге;

      - қала әкімдігіне салалық (секторалдық) және аймақтық бағдарламаларды одан әрі іске асырудың орындылығы туралы ұсыныстар енгізуге;

      - өз құзыреті шегінде ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға және оларды облыстық мемлекеттік органдарға және қала әкімдігіне ұсынуға;

      - Арыс қаласының "Құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін құрылыс қатынастарында азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді;

      - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де  құқықтарды  жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;     

      - Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің, қала әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау; 

      - мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету;

      - мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;

      - өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардан және басқа ұйымдардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға, мемлекеттік мекеменің құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге, қатысуға тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады;

      - сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқығы бар;

      - мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін мәселелері бойынша отырыстар өткізеді;

      - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

      15. Функциялары:

      1) Қаланы әлеуметтік – экономикалық даму бағдарламалары құрамындағы қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ қала аумағындағы құрылыс салудың, оны аббаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің ережерін Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 16 шілдедегі №242 "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 21 және 22 баптарына сәйкес, қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

      2) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;

      3) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;

      4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді үйлестіруді жүзеге асырады;

      5) өзінің қызметінен туындайтын мәселелер бойынша сотқа талап арыздар бере алады.

      6) Мемлекеттік мекеменің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасу жүргiзу;

      7) қалалық әкiмдiктiң және мәслихаттың мәжiлiстерiне, қалалық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысу.

      8) жоғары органдарға қаланың негізгі даму бағыттары бойынша ұсыныстар енгізуге;

      9) қала әкімдігіне салалық (секторалдық) және аймақтық бағдарламаларды одан әрі әске асырудың орындылығы туралы ұсыныстар енгізуге;

      10) өз құзыреті шегінде ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға және оларды облыстық мемлекеттік органдарға және қала әкімдігіне ұсынуға;

      11) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардан және басқа ұйымдардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға, мемлекеттік мекеменің құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге, қатысуға тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады;

      12) сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқығы бар;

      13) мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін мәселлері бойынша отырыстар өткізеді;

      14) өзіне жүктелген құқықтар мен міндеттерді уақтылы және сапалы жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларына сәйкес жауапты болады.

3-тарау. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі,өкілеттіктері.

      16. Мекемені басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады;

      17. Мекеменің басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады;

      18. Мекеме басшысының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасын еңбек заңнамасына сәйкес, қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      19. Мекеме басшысының өкілеттігі:

      1) Мекеме қарамағындағы ұйымдардың басшыларын Еңбек заңнамаларына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады:

      2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, Мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;

      4) бұйрықтарды шығарады және Мекеменің барлық жұмыскері үшін орындалуға міндетті нұсқаулар береді;

      5) мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;

      6) белгіленген еңбекақы төлеу қоры мен саны шегінде Мекеме мен ведомстволық бағынысты мекемелері жұмыскерлерінің штат кестесін бекітеді;

      7) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және Мекеменің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын бекітеді;

      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауап береді;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Мекеменің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Мекеме басшысы өз орынбасарының өкілеттігін "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгілейді.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі.

      21. Мекеменің "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады;

      22. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады;

      23. Егер "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында өзгеше белгіленбесе, Мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.

      24. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      25. Арыс қаласының "Құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствалық қарамағында ұйымдар мен аумақтық органдар және мемлекеттік мекемелер жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады