Арыс қаласының "Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 222 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арыс қаласының "Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. Арыс қаласының "Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Г.Садықова "Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекеменің Ережесін қолданыстағы заңға сәйкес Әділет органдарында тіркеуден өткізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын Арыс қаласының "Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Г.Садықоваға жүктелсін.

      4. Осы қаулының орындалуын қала әкімінің орынбасары Е.Қуандық жүзеге асырсын.

      Арыс қаласының әкімі Қ.Маңқараев

  Арыс қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "_15_" __сәуір____
№_222_ қаулысына қосымша

Арыс қаласының "Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Арыс қаласының "Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім – мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қазынашылық органдарыда шоттары болады.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.

      6. Бөлім, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Арыс қаласының "Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Арыс қаласы, Әл-Фараби көшесі, № 3 ғимарат, Индекс 160100.

      10. Осы Ереже Бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Бөлім кәсіпкерлік субьектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Бөлім заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің құзыретіне жататын актілері мен тапсырмаларына сәйкес, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету, іске асыру;

      2) дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру, сала проблемаларын шешуге қатысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      3) дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүзеге асыру;

      4) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;

      5) дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасын құру және нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту;

      6) Бөлім қызметінің мәні Арыс қаласының аумағында мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру, қала аумағында тұратын барлық халықтардың мәдениетін сақтау және дамыту үшін жағдай жасау; азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру бостандығына құқықтарын іске асыруға жәрдемдесу; шығармашылық, мәдени қызмет, рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру; демалыс саласын дамытуға, халықтың әртүрлі топтарының мәдени-демалыс қызметінің әртүрлілігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, тарихи-мәдени мұраны сақтау және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру; қалан аумағында Қазақстан Республикасының "Тіл туралы" заңнамасын іске асыру, халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік тілдің іске асырылуы туралы хабардар ету.

      14. Өкілеттіктер:

      1) Құқықтары:

      Өз қызметін атқарушы биліктің басқа органдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асыру;

      Мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға, дене шынықтыру және спорт бөлімінің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға;

      Қарамағында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мәселелер және мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бар қала ұйымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;

      Заңды тұлғалармен және азаматтармен шарттар жасасу, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды сатып алу, сотта талапкер және жауапкер болу.

      2) Міндеттері:

      мемлекеттік мекеме құзыретінің мәселелері бойынша қала әкімі және әкімдігі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу.

      15. Функциялары:

      1) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асыру;

      2) қалалық деңгейде спорт түрлерінен жарыстар өткізу;

      3) әртүрлі спорт түрлері бойынша қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;

      4) қала аумағында бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту;

      5) қала аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру;

      6) "2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, орта деңгейдегі әдіскер біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік қызметін көрсету біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі" мемлекеттік қызметін көрсету;

      7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      8) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету;

      9) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 729-бабы 2-1-тармағында белгіленген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мен іс-қағаздарын жүргізу;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен маңдайшаларды орналастыру туралы ұсыныстарға келісу немесе уәжді ескерту беру;

      11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, заңды тұлғалардың барлық құқықтарын пайдалану.

3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Бөлімді басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      17. Бөлімнің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары жоқ.

      19. Бөлім басшысының өкілеттігі:

      1) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан өкілдік етеді;

      2) Бөлімде сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      3) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық жасайды және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;

      4) осы Ережеде белгіленген құзырет шегінде ғана бұйрықтар шығарады;

      5) қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      6) заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды, босатады және көтермелеу шараларын қолданады;

      7) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      8) Бөлімде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" заңнамасының орындалуын бақылайды;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Бөлімнің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      21. Бөлімнің аппаратын, Казақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қызметке тағайындайтын және қызметтен босатылатын Бөлім басшысы басқарады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

      23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бөлімнің ведомстволық қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) Арыс қаласының "Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арыс қалалық "Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      2) Арыс қаласының "Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арыс қаласының Абай атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) Арыс қаласының "Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Арыс қаласының "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4) Арыс қаласының "Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арыс қаласының футбол және ұлттық спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады