Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №66 бұйрығына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.
2. Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.Жанбатыр "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекеменің Ережесін қолданыстағы заңға сәйкес Әділет органдарында тіркеуден өткізсін.
3. Осы қаулының орындалуын Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.Жанбатырға жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын қала әкімінің орынбасары А.Султанов жүзеге асырсын.
Арыс қаласының әкімі | Қ.Маңқараев |
Арыс қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "_4_" __сәуір____ №_193_ қаулысына қосымша |
Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер
1. Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген шекте сәулет және қала құрылысы саласында жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
2. Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қазынашылық органдарыда шоттары болады.
5. Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
6. Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасының заңнамасына уәкілеттік берілген жағдайда, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделген шешімдер қабылдайды.
8. Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Арыс қаласы, Д.Қонаев көшесі, № 9А, индекс: 160100.
10. Осы Ереже Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субьектілерімен Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты: сәулет және қала құрылысы саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру.
14. Міндеттері:
1) өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады, Мемлекеттік мекеменің құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысу, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады;
2) сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде қала әкіміне ұсыныстар енгізеді, Мемлекеттік мекемеге қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады;
3) Мемлекеттік мекеменің қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді, оның орындалуын қадағалайды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады;
4) қала деңгейінде сәулет және қала құрылысы мәселелеріне мемлекеттік тапсырыстарды іске асыруға қаржыландыруды жүзеге асырады;
5) Мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін сәулет және қала құрылысы қатынастарында азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді;
6) Мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді;
7) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың және (немесе) олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарнама қызметі мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
8) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15. Функциялары:
1) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (қалалық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
2) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты әкімшілік қаланың және серіктес елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну;
3) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау ережелерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
4) құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
5) қала және қала маңы аймағындағы қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және іске асыру;
6) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;
8) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау ұйымдастыру;
9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
10) өзінің қызметінен туындайтын мәселелер бойынша сотқа талап арыз беру;
11) Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру;
12) құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну (АПЗ);
13) объектілерді кейінен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру;
14) эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу;
15) Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-2 бабының талаптары негізінде "Жылжымайтын мүлікті біріңғай кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік обьектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына сәйкес, құжат айналымының электронды форматта жүргізілуі;
16) сәулеттік келбетін жақсарту жөніндегі жұмысшы тобын құру және жұмысшы топқа сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында эскиздік жобаларды ұсыну.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) Мемлекеттік мекеменің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасу жүргiзу;
2) қалалық әкiмдiктiң және мәслихаттың мәжiлiстерiне, қалалық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысу;
3) жоғары органдарға қаланың негізгі даму бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;
4) қала әкімдігіне салалық (секторалдық) және аймақтық бағдарламаларды одан әрі әске асырудың орындылығы туралы ұсыныстар енгізу;
5) өз құзыреті шегінде ақпараттық-талдау материалдарын дайындау және оларды облыстық мемлекеттік органдарға және қала әкімдігіне ұсыну;
6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардан және басқа ұйымдардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға, мемлекеттік мекеменің құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге, қатысуға тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құруға;
7) сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқығы бар;
8) Мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін мәселелері бойынша отырыстар өткізеді;
9) өзіне жүктелген құқықтар мен міндеттерді уақтылы және сапалы жүзеге асыру үшін Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларына сәйкес жауапты болады.
3. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
17. Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, Мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіліктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
18. Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.
20. Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1. Мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасындағы қызметтік міндеттері мен олардың жауапкершілік дәрежесін үйлестіреді және бекітеді;
2. Қазақстан Республикасының Заңнамасында және осы Ережеде белгіленген құзіретіне сәйкес, бірінші басшы дара басшылық ету принципінде іс-әрекет жасайды және Мемлекеттік мекеменің жұмысындағы мәселелерді жеке шешеді;
3. Мемлекеттік мекемені басқару кезінде бірінші басшы заңнамада белгіленген тәртіпте:
3.1. Мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет жасайды және барлық ұйымдарда Мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;
3.2. Заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде Мемлекеттік мекеменің мүлкіне билік жасайды;
3.3. Банктерде есеп-шоттар ашады, Мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады оларға қол қояды және нұсқаулар береді;
3.4. Заңдарға сәйкес, Мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3.5. Заңдарда белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
3.6. Мемлекеттік мекеменің жұмыс регламентін бекітеді;
3.7. Мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
3.8. Заңнамамен осы Ережемен және қала әкімдігімен жүктелген басқа да қызметтерді атқарады;
3.9. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің өзіне бекітіліп берген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.
23. Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлкі республикалық/коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
26. Арыс қаласының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствалық қарамағында ұйымдар мен аумақтық органдар және мемлекеттік мекемелер:
"Арыс қаласының урбанистика орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.