Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 шілдедегі № 134 "Түркістан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 29 тамыздағы № 187 қаулысы

      Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Түркістан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 шілдедегі №134 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының "Түркістан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже" деген қосымшасының мәтініне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін және енгізілген өзгерістер мен толықтырулар осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Түркістан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Көшеров

  Түркістан облысы
әкімдігінің 2025 жылғы
" "________________
№ қаулысына қосымша

"Түркістан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні

      "Түркістан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде 14-тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "4) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;";

      16-тармақ:

      мынандай мазмұндағы 3-1), 3-2), 35-1), 35-2) және 37-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) кинематография саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3-2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі халық үшін кинематография туындыларының қолжетімділігіне жағдайлар жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;"

      "35-1) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзу бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

      35-2) маңдайшаны орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;";

      "37-1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;";

      21- тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1) Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      2) Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталық" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      3) Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Конгресс Холл көпсалалы кешені" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      4) Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан музыкалық-драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      5) Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      6) Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      7) Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      8) Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      9) Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      10) Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Кентау қалалық музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      11) "Түркістан облысының мәдениет басқармасының "С.Қожанов атындағы музей" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      12) Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Төлеби ауданының музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      13) Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Арыс қаласының музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      14) Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Ордабасы ауданындағы тарихи-өлкетану музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      15) Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Ұлы Дала Елі Орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      16) Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Қазығұрт аудандық музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      17) Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облысының мақта шаруашылығы тарихы музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      18) Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Бәйдібек ауданы сәулет-көркем музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      19) Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Руханият-Әбу-Нәсір әл-Фараби музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      20) Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Бейнелеу өнері музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорны;

      21) Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Оңтүстікфильм" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      22) Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық "Фараб" әмбебап ғылыми кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      23) Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      24) Түркістан облысы мәдениет басқармасының "Тұлғалар музейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады