Спорттың ойналатын түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарын күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының лимиттерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 22 шiлдедегi № 143 бұйрығы

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-12) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған спорттың ойналатын түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарын күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының лимиттері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт істері комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты қолданысқа енгізгеннен кейін үш күн ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш күн ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Мырзабосынов

  бұйрыққа қосымша

Спорттың ойналатын түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарын күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының лимиттері

Командалар санаты


Жылына (айлық есеп көрсеткіштерінде АЕК) қаржыландыру лимиті

Футбол

Негізгі (ерлер, әйелдер, жастар) командасы

500 000 АЕК артық емес

(УЕФА турнирлеріне командалардың қатысуы), қосымша

200 000 АЕК артық емес

Балалар мен жасөспірімдер академиясы

150 000 АЕК артық емес

Барлығы:


650 000 АЕК артық емес

Шайбалы хоккей

Негізгі (ерлер, әйелдер, жастар) командасы

300 000 АЕК артық емес

Балалар мен жасөспірімдер академиясы

75 000 АЕК артық емес

Барлығы:


375 000 АЕК артық емес

және спорттың басқа да ойын түрлері

Негізгі (ерлер, жастар (юниорлар) командасы, балалар-жасөспірімдер академиясы

120 000 АЕК артық емес

Негізгі (әйелдер, жастар (юниорлар) командасы, балалар-жасөспірімдер академиясы

120 000 АЕК артық емес




Лауазымы


Айына ең жоғары жалақы
(АЕК-де)

Бас жаттықтырушы, жаттықтырушы-кеңес беруші, жаттықтырушы

500 АЕК артық емес

Спортшы (негізгі команданың)

500 АЕК артық емес

Спортшы (жастар командасының)

80 АЕК артық емес

      * ескерту: бір өңірде жергілікті бюджеттен қаржыланатын 1 спорт түріне 1 клубты ұстау қарастырылған

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады