ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35129 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін және оны енгізу күнін айқындау туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес таңбалануға жататын тауарлардың тізбесі және оны енгізу күні айқындалсын.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Таңбалануға жататын тауарлар тізбесі осы бұйрыққа қосымшасы :
1) реттiк нөмiрі 36 жолымен толықтырылсын:
"
36. | 0507 90 000 0 | Өңделмеген немесе бастапқы өңдеуден өткен, бірақ пішінге келтірілмеген тасбақалардың сауыттары, киттің мұрты және кит мұртынан жасалған қылтанақтар, мүйіздер, бұғы мүйіздері, тұяқтар, тырнақтар, аяқ тырнақтары мен тұмсықтары; осы өнімдердің ұнтағы мен қалдықтары | 2025 жылғы 1 желтоқсан**** |
";
2) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Цифрлық трансформация және тауарларды таңбалау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда "Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі |
А. Шаққалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Таңбалануға жататын тауарлар тізбесі және оларды енгізу күндері
Р/с | Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды | Позиция атауылары | Енгізілген күні |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | 2402 20 900 0 | құрамында темекі бар өзге де сигареталар | 2020 жылғы 1 қазан |
2. | 2402 10 000 0 | сигаралар, ұштары кесілген сигаралар және құрамында темекі бар сигариллалар | 2021 жылғы 1сәуір |
3. | 2402 20 100 0 | құрамында темекі бар сигареталар, сигаралар, ұштары кесілген сигаралар, сигариллалар және темекіден немесе оны алмастырғыштардан жасалған, құрамында қалампыр бар сигареталар | 2021 жылғы 1 сәуір |
4. | 2402 90 000 0 | өзге де сигаралар, ұштары кесілген сигаралар, темекіден немесе оны алмастырғыштардан жасалған сигариллалар мен сигареталар | 2021 жылғы 1 сәуір |
5. | 2403 | өнеркәсіпте дайындалған өзге де темекі және өнеркәсіптік темекі алмастырғыштар; "гомогендендірілген" немесе "қалпына келтірілген" темекі; темекі сығындылары мен эссенциялар | 2021 жылғы 1 сәуір |
6. | 2404 | құрамында темекі, қалпына келтірілген темекі, никотин немесе темекі немесе никотин алмастырғыш бар жанғызбай деммен жұтуға арналған өнім; құрамында никотин бар және адам ағзасына никотиннің түсуіне арналған өзге де өнім | 2021 жылғы 1 сәуір |
7. | 3824 99 920 8 | 20°C температурада сұйық болатын, басқа жерде аталмаған немесе қосылмаған, негізінен органикалық қосылыстардан тұратын өзге де химиялық өнімдер немесе препараттар | 2021 жылғы 1 сәуір |
8. | 6401 | ұлтаны мен үсті резеңкеден немесе пластмассадан жасалған су өткізбейтін, үсті табанға жіппен де, түйреуішпен де, шегемен де, бұрандамен де, тойтармамен де, қандай да бір ұқсас тәсілмен бекітілмейтін және біріктірілмейтін аяқ киім | 2021 жылғы 1 қараша* |
9. | 6402 | ұлтаны мен үсті резеңкеден немесе пластмассадан жасалған өзге де аяқ киім | 2021 жылғы 1 қараша* |
10. | 6403 | ұлтаны резеңкеден, пластмассадан, табиғи немесе құрақ теріден жасалған, ал үсті табиғи былғарыдан жасалған аяқ киім | 2021 жылғы 1 қараша* |
11. | 6404 | ұлтаны резеңкеден, пластмассадан, табиғи немесе құрақ теріден жасалған, ал үсті табиғи былғарыдан жасалған аяқ киім | 2021 жылғы 1 қараша* |
12. | 6405 | өзге де аяқ киім | 2021 жылғы 1 қараша* |
13. | 3002 12 000 5 | басқа иммундық және адамнан шыққан сарысулар қан фракциялары |
2022 жылғы |
14. | 3002 12 000 9 | иммундық сарысулар және өзге де қан фракциялары |
2022 жылғы |
15. | 3002 15 000 0 | мөлшерленген дәрілік нысандар түрінде немесе бөлшек саудаға арналып нысандарға немесе орамдарға өлшеп оралған иммунологиялық өнімдер |
2022 жылғы |
16. | 3002 90 300 0 | терапиялық, профилактикалық немесе диагностикалық мақсаттарда пайдалану үшін дайындалған жануарлардың қаны |
2022 жылғы |
17. | 3004 20 000 | терапиялық немесе профилактикалық мақсаттарда пайдалануға арналған аралас немесе аралас емес өнімдерден тұратын, дозаланған дәрілік нысандар түрінде (трансдермалдық жүйелер нысанындағы дәрілік заттарды қоса алғанда) немесе бөлшек саудаға арналып қалыптарға немесе орамдарға өлшеп оралған, құрамында антибиотиктер бар өзге де дәрілік заттар (3002, 3005 немесе 3006 тауар позициясының тауарларынан басқа) |
2022 жылғы |
18. | 3004 39 000 | терапиялық немесе профилактикалық мақсаттарда пайдалануға арналған аралас немесе аралас емес өнімдерден тұратын, дозаланған дәрілік нысандар түрінде өлшеп оралған (трансдермалдық жүйелер нысанындағы дәрілік заттарды қоса алғанда) өзге де дәрілік заттар (3002, 3005 немесе 3006 тауар позициясының тауарларынан басқа) |
2022 жылғы |
19. | 3004 49 000 | терапиялық немесе профилактикалық мақсаттарда пайдалануға арналған аралас немесе аралас емес өнімдерден тұратын, дозаланған дәрілік нысандар түрінде өлшеп оралған (трансдермалдық жүйелер нысанындағы дәрілік заттарды қоса алғанда) өзге де дәрілік заттар (3002, 3005 немесе 3006 тауар позициясының тауарларынан басқа) |
2022 жылғы |
20. | 3004 90 000 | терапиялық немесе профилактикалық мақсаттарда пайдалануға арналған аралас немесе аралас емес өнімдерден тұратын, дозаланған дәрілік нысандар түрінде өлшеп оралған (трансдермалдық жүйелер нысанындағы дәрілік заттарды қоса алғанда) өзге де дәрілік заттар (3002, 3005 немесе 3006 тауар позициясының тауарларынан басқа) |
2022 жылғы |
21. | 3004 90 000 2 | терапиялық немесе профилактикалық мақсаттарда пайдалануға арналған аралас немесе аралас емес өнімдерден тұратын, дозаланған дәрілік нысандар түрінде өлшеп оралған (трансдермалдық жүйелер нысанындағы дәрілік заттарды қоса алғанда) өзге де дәрілік заттар (3002, 3005 немесе 3006 тауар позициясының тауарларынан басқа) |
2022 жылғы |
22. | 1704 90 550 0 | тамақ ауыруынан пастилкалар мен жөтелге қарсы таблеткалар |
2024 жылғы |
23. | 2106-дан | медициналық мақсаттарда пайдалануға арналған 2106 тауар позициясының тамақ өнімдері |
2024 жылғы |
24. | 2208 90-дан | спирт тұндырмалары |
2024 жылғы |
25. | 3002-дан | адам қаны; емдік, профилактикалық немесе диагностикалық мақсаттарда пайдалану үшін дайындалған жануарлардың қаны; иммундық сарысулар, модификацияланған немесе модификацияланбаған, оның ішінде биотехнология әдістерімен алынған өзге де қан фракциялары және иммунологиялық өнімдер; вакциналар, токсиндер, микроорганизмдердің дақылдары (ашытқыдан басқа) және ұқсас өнімдер; модификацияланған немесе модификацияланбаған жасушалық дақылдар |
2024 жылғы |
26. | 3004 | терапевтік немесе профилактикалық мақсаттарда пайдалану үшін аралас немесе араласпаған өнімдерден тұратын, дозаланған дәрілік нысандар (трансдермалдық жүйелер нысанындағы дәрілік заттарды қоса алғанда) түрінде немесе бөлшек саудада сатуға арналған нысандарға немесе қаптамаларға оралған дәрілік заттар (3002, 3005 немесе 3006 тауар позициясының тауарларынан басқа) |
2024 жылғы |
27. | 3006 30 000 0 | рентгенографиялық тексерулерге арналған контрастты препараттар; науқастарға енгізуге арналған диагностикалық реагенттер |
2024 жылғы |
28. | 3006 60 000 | гормондар 2937 тауар позициясының өзге де қосылыстары немесе спермицидтер негізіндегі химиялық контрацептивтік заттар |
2024 жылғы |
29. | 3006 70 000 0 | медицинада хирургиялық операцияларда немесе физикалық зерттеулерде дене бөліктерін майлауыш ретінде немесе дене мен медициналық құралдар арасындағы байланыстырушы агент ретінде қолдануға арналған гель түріндегі препараттар |
2024 жылғы |
30. | 3301-ден | cулы дистилляттар немесе эфир майларының сулы ерітінділері |
2024 жылғы |
31. | 3304, 3305, 3306, 3307-ден | медициналық мақсаттарда пайдалауға арналған 3304-3307 тауар позициясының препараттары |
2024 жылғы |
32. | 3401-ден | сабын немесе құрамында дәрілік қоспалар бар 3401 тауар позициясының басқа да өнімдері |
2024 жылғы |
33. | 2207 10 000 0 | спирт концентрациясы айналымында 80% немесе одан көп денатуратталмаған этил спирті |
2024 жылғы |
34. | 3305 10 000 0 | сусабындар |
2024 жылғы |
35. | 3802 10 000 0 | белсендірілген көмір |
2024 жылғы |
36. | 0507 90 000 0 | Өңделмеген немесе бастапқы өңдеуден өткен, бірақ пішінге келтірілмеген тасбақалардың сауыттары, киттің мұрты және кит мұртынан жасалған қылтанақтар, мүйіздер, бұғы мүйіздері, тұяқтар, тырнақтар, аяқ тырнақтары мен тұмсықтары; осы өнімдердің ұнтағы мен қалдықтары | 2025 жылғы 1 желтоқсан**** |
37. | 2202 91 000 0 | алкогольсіз сыра | 2026 жылғы 1 ақпан ***** |
38. | 2203 00 010 0 | Бөтелкедегі сыйымдылығы 10 л немесе одан аз ыдыстардағы уыт сырасы | 2026 жылғы 1 ақпан ***** |
39. | 2203 00 090 0 | Сыйымдылығы 10 л немесе одан аз ыдыстардағы уыт сырасы | 2026 жылғы 1 ақпан ***** |
40. | 2203 00 100 0 | Сыйымдылығы 10 литрден асатын ыдыстардағы уыт сырасы | 2026 жылғы 1 ақпан ***** |
41 | 2710 19 710 0 | Арнайы өңдеу процестеріне арналған жағармайлар және өзге де майлар | 2026 жылғы 1 қыркүйек |
42 | 2710 19 750 0 | 2710 19 710 0 кіші субпозициясында көрсетілгендерден басқа, процестердегі химиялық өзгерістерге арналған жағармайлар және өзге де майлар | 2026 жылғы 1 қыркүйек |
43 | 2710 19 820 0 | Мотор майлары, компрессорлық жағармай, турбиналық жағармай | 2026 жылғы 1 ақпан****** |
44 | 2710 19 840 0 | Гидравликалық мақсаттарға арналған сұйықтықтар | 2026 жылғы 1 қыркүйек |
45. | 2710 19 860 0 | Ашық түсті майлар, вазелин майы | 2026 жылғы 1 қыркүйек |
46. | 2710 19 880 0 | Тісті дөңгелектерге арналған майлар мен редукторларға арналған майлар | 2026 жылғы 1 қыркүйек |
47. | 2710 19 920 0 | Металдарды өңдеуге арналған құрамдар, қалыптарды майлауға арналған майлар, тотығуға қарсы майлар | 2026 жылғы 1 қыркүйек |
48. | 2710 19 940 0 | Электрлік оқшаулағыш майлар | 2026 жылғы 1 қыркүйек |
49. | 2710 19 980 0 | Өзге мақсаттарға арналған өзге де жағармайлар және өзге де майлар | 2026 жылғы 1 қыркүйек |
50. | 3403 19 100 0 | Құрамында негізгі компонент ретінде емес 70 салм. %-дан немесе одан да көп мұнай немесе битуминоздық жыныстардан алынған мұнай өнімдері бар майлау материалдары | 2026 жылғы 1 ақпан ****** |
51. | 3403 19 900 0 | Құрамында негізгі компонент ретінде 70 салм. %-дан немесе одан да көп мұнай немесе битуминоздық жыныстардан алынған мұнай өнімдері барлардан басқа, өзге майлау материалдары | 2026 жылғы 1 ақпан ****** |
52. | 3403 99 000 0 | Құрамында мұнай немесе битуминозды жыныстардан алынған мұнай өнімдері жоқ өзге майлау материалдары | 2026 жылғы 1 ақпан |
53. | 3819 00 000 0 | Битуминоздық жыныстардан алынған құрамында салмағы 70%-дан аспайтын мұнай немесе мұнай өнімдері болатын немесе болмайтын гидравликалық тежегіштік сұйықтықтар және гидравликалық берілістерге арналған өзге де дайын сұйықтықтар | 2026 жылғы 1 қыркүйек |
54. | 3820 00 000 0 | Антифриздер және мұздауға қарсы дайын сұйықтықтар | 2026 жылғы 1 қыркүйек |
55. | 4203 10 000 | Таза теріден немесе композициялы теріден жасалған киім заттары және киім керек-жарағы | 2026 жылғы 1 желтоқсан |
56. | 4304 00 000 0 | Жасанды тері және одан жасалатын бұйымдар | 2026 жылғы 1 желтоқсан |
57. | 6113 00 | 5903, 5906 немесе 5907 тауар позицияларының машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж матадан жасалған киім заттары | 2026 жылғы 1 желтоқсан |
58. | 6210 | 5602, 5603, 5903, 5906 немесе 5907 тауар позицияларының материалдарынан жасалған киім заттары | 2026 жылғы 1 желтоқсан |
59. | 6211 20 000 0 | Шаңғы костюмдері | 2026 жылғы 1 желтоқсан |
60. | 6211 32 | Мақта-мата жібінен жасалған ерлер немесе ұлдарға арналған өзге киім заттары | 2026 жылғы 1 желтоқсан |
61. | 6211 39 000 0 | Өзге де тоқыма материалдардан жасалған ерлер немесе ұлдарға арналған өзге де киім заттары | 2026 жылғы 1 желтоқсан |
62. | 6211 42 | Мақта-мата жібінен жасалған әйелдер немесе қыздарға арналған өзге киім заттары | 2026 жылғы 1 желтоқсан |
63. | 6211 49 000 | Өзге де тоқыма материалдардан жасалған әйелдер немесе қыздарға арналған өзге де киім заттары | 2026 жылғы 1 желтоқсан |
64. | 6302 | Төсек жаймалары, асхана, туалет және асүй жаулықтары | 2026 жылғы 1 желтоқсан |
65. | 6106 | Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж блузкалар, блузалар және блузондар | 2027 жылғы 1 наурыз |
66. | 6110 | Машинамен немесе қолмен тоқылған свитерлер, пуловерлер, кардигандар, кеудешелер және ұқсас трикотаж бұйымдар | 2027 жылғы 1 наурыз |
67. | 6201 | 6204 тауар позициясының бұйымдарынан басқа әйелдерге немесе қыз балаларға арналған пальто, қысқа пальто, желбегей, плащтар, күртелер (шаңғы тебетін киімді қоса алғанда), жадағайлар, шекпендер және ұқсас бұйымдар | 2027 жылғы 1 наурыз |
68. | 6202 | 6204 тауар позициясының бұйымдарынан басқа әйелдерге немесе қыз балаларға арналған пальто, қысқа пальто, желбегей, плащтар, күртелер (шаңғы тебетін киімді қоса алғанда), жадағайлар, шекпендер және ұқсас бұйымдар | 2027 жылғы 1 наурыз |
69. | 6205 | Ерлер немесе ұл балаларға арналған жейделер | 2027 жылғы 1 наурыз |
70. | 6206 | Әйелдер немесе қыз балаларға арналған блузкалар, блузалар және блузондар | 2027 жылғы 1 наурыз |
71. | 6211 33 | Ерлер немесе ұл балаларға арналған химиялық жіптерден жасалған өзге де киім заттары | 2027 жылғы 1 наурыз |
72. | 6211 43 | Әйелдер немесе қыз балаларға арналған химиялық жіптерден жасалған өзге де киім заттары | 2027 жылғы 1 наурыз |
73. | 6214 | Орамалдар, шарфтар, мойын орамалдар, мантильялар, бетперделер және ұқсас бұйымдар | 2027 жылғы 1 наурыз |
74. | 6215 | Галстуктер, мойынтақтар және мойын орамалдар. | 2027 жылғы 1 наурыз |
75. | 6101 | 6103 тауар позициясының бұйымдарынан басқа, ерлерге немесе ұл балаларға арналған, машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж пальто, қысқа пальто, желбегей, плащтар, күртелер (шаңғы тебетін киімді қоса алғанда), жадағайлар, шекпендер және ұқсас бұйымдар | 2027 жылғы 1 қазан |
76. | 6102 | 6104 тауар позициясының бұйымдарынан басқа, әйелдерге немесе қыз балаларға арналған, машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж пальто, қысқа пальто, желбегей, плащтар, күртелер (шаңғы тебетін киімді қоса алғанда), жадағайлар, шекпендер және ұқсас бұйымдар | 2027 жылғы 1 қазан |
77. | 6103 | Ерлерге немесе ұл балаларға арналған машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж костюмдер, комплектілер, пиджактар, блайзерлер, шалбарлар, көкірекшесі және баулары бар комбинезондар, бриджилер және шолақ шалбарлар (суға түсетін киімдерден басқа) | 2027 жылғы 1 қазан |
78. | 6104 | Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж костюмдер, комплектілер, жакеттер, блайзерлер, көйлектер, белдемшелер, белдемше-шалбарлар, шалбарлар, көкірекшесі және баулары бар комбинезондар, бриджилер және шолақ шалбарлар (суға түсетін киімдерден басқа) | 2027 жылғы 1 қазан |
79. | 6105 | Ерлерге немесе ұл балаларға арналған машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж жейделер | 2027 жылғы 1 қазан |
80. | 6112 11 000 0 | Мақта-мата жібінен жасалған спорттық костюмдер | 2027 жылғы 1 қазан |
81. | 6112 12 000 0 | Синтетикалық жіптерден жасалған спорттық костюмдер | 2027 жылғы 1 қазан |
82. | 6112 19 000 0 | Өзге тоқыма материалдардан жасалған спорттық костюмдер | 2027 жылғы 1 қазан |
83. | 6112 20 000 0 | Спорттық костюмдер, шаңғы костюмдері | 2027 жылғы 1 қазан |
84. | 6203 | Ерлерге немесе ұл балаларға арналған костюмдер, комплектілер, пиджактар, блайзерлер, шалбарлар, көкірекшесі және бауы бар комбинезондар, бриджилер және шолақ шалбарлар (суға түсетіндерден басқа) | 2027 жылғы 1 қазан |
85. | 6204 | Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған костюмдер, комплектілер, жакеттер, блайзерлер, көйлектер, белдемшелер, белдемше-шалбарлар, шалбарлар, көкірекшесі және бауы бар комбинезондар, бриджилер және шолақ шалбарлар (суға түсетіндерден басқа) | 2027 жылғы 1 қазан |
Ескертпе:
* - көтерме сауданы жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілерін қоспағанда, Қазақстан Республикасына әкелінген немесе Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген аяқ киім тауарларына қатысты бөлшек саудада өткізу кезінде таңбаланған тауарларды айналымнан міндетті түрде шығара отырып, міндетті таңбалау;
** - 2022 жылғы 1 шілдеден бастап өндірілген дәрілік заттар:
ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Халықаралық патенттелмеген атауы | Сауда атауы | Дәрілік түрі |
1 | 2 | 3 | 4 |
3002 12 000 5 | алтеплаза | ревекард | көктамырға инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизиатталған ұнтақ, жиынтығында еріткіш – инъекцияға арналған су бар, 50 мг, 1-өлшеп-орау |
3002 12 000 9 | эптаког альфа белсендірілген | семиклотин | жиынтығында еріткіші бар, көктамырға енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат (инъекцияға арналған су), 1,2 мг, 1-өлшеп-орау |
3002 12 000 9 | эптаког альфа белсендірілген | семиклотин | жиынтығында еріткіші бар көктамырға енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат (инъекцияға арналған су), 2,4 мг, 1-өлшеп-орау |
3002 15 000 0 | ритуксимаб | ритуксимаб | инфузияға ерітінді дайындауға арналған концентрат, 10 мг / мл, 10 мл, 1-өлшеп-орау |
3002 15 000 0 | ритуксимаб | ритуксимаб | инфузияға ерітінді дайындауға арналған концентрат, 10 мг / мл, 10 мл, 2-өлшеп-орау |
3002 15 000 0 | бевацизумаб | бевацизумаб | инфузияға ерітінді дайындауға арналған концентрат, 25 мг/мл, 4 мл, 1-өлшеп-орау |
3002 15 000 0 | бевацизумаб | бевацизумаб | инфузияға ерітінді дайындауға арналған концентрат, 25 мг / мл, 16 мл, 1-өлшеп-орау |
3002 15 000 0 | трастузумаб | трастузумаб | инфузияға ерітінді дайындау үшін концентрат дайындауға арналған лиофилизат, жиынтығында еріткіш – инъекцияға арналған бактериостатикалық су бар, 440 мг, 1-өлшеп-орау |
3002 15 000 0 | интерферон бета-1б | интербетин | тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған жиынтығында еріткіш бар лиофилизат, 0,3 мг (9,6 млн, МЕ), 5-өлшеп-орау |
3002 90 300 0 | жоқ | актовегин® | қабықшамен қапталған таблеткалар, шыны құтыда 50 таблеткадан 200 мг. Құты картон қорапта болады |
3004 39 000 9 | тамоксифен | тамоксифен | таблеткалар |
3004 90 000 1 | терипаратид | форстео® | тері астына енгізуге арналған 250 мкг/мл ерітінді, 2,4 мл картриджде 1 шприц-қалам |
3004 90 000 1 | трипторелин | декапептил | 0.1 мг / мл инъекцияға арналған 1 мл 7 ерітінді, |
3004 90 000 2 | эпросартан | теветен® | 500 мг таблеткалар |
3004 90 000 2 | эпоэтин бета | рекормон | инъекцияға арналған 2000 МЕ/0,3 мл ерітінді 6 шприц-тюбикте |
3004 90 000 2 | дексмедетомидин | дексдор | инфузияға ерітінді дайындауға арналған концентрат, 100 мкг / мл |
3004 90 000 2 | рецакадротил | гидрасек | қатты желатин капсулалар |
3004 90 000 2 | рецакадротил | гидрасек | ішу үшін суспензия дайындауға арналған түйіршіктер |
3004 90 000 2 | дабигатрана этексилат | прадакса® | капсулалар, 75 мг |
3004 90 000 2 | оланзапин | зипрекса® | үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг таблеткалар |
3004 90 000 2 | иматиниб | иматиниб -адамед | капсулалар, 400 мг |
3004 90 000 2 | иматиниб | иматиниб -адамед | капсулалар, 200 мг |
3004 90 000 2 | эверолимус | сертикан | 0,25 мг таблеткалар |
3004 90 000 2 | рамиприл | полприл | 2,5 мг, 5 мг және 10 мг капсулалар |
3004 90 000 2 | рамиприл | полприл | 10 мг капсулалар |
3004 90 000 2 | рамиприл | рамиприл-санто | 5 мг таблеткалар |
3004 90 000 2 | рамиприл | рамиприл-санто | 10 мг таблеткалар |
3004 90 000 2 | рамиприл | рамиприл-санто | 2,5 мг таблеткалар |
3004 90 000 2 | жоқ | панкрим | ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар |
3004 90 000 2 | ципрофлоксацин | ципрофлоксацин | инфузияға арналған 0,2 % ерітінді, 100 мл |
3004 90 000 2 | каптоприл | каптоприл | таблеткалар |
3004 90 000 2 | жоқ | глюкорон® | қабықшамен қапталған таблеткалар |
3004 90 000 2 | жоқ | нормотанс | қабықшамен қапталған таблеткалар |
3004 90 000 2 | кетотифен | кетотифен | таблетки |
3004 90 000 2 | ламивудин | ламиас® 150 | қабықшамен қапталған таблеткалар |
3004 90 000 2 | клопидогрел | грелид® | қабықшамен қапталған таблеткалар |
3004 90 000 2 | цетиризин | носмин® | қабықшамен қапталған таблеткалар |
3004 90 000 2 | энтекавир | квантавир | қабықшамен қапталған таблеткалар |
3004 90 000 2 | абакавир | виракар® | қабықшамен қапталған таблеткалар |
3004 90 000 2 | фолий қышқылы | фолика | таблеткалар |
3004 90 000 2 | зидовудин | зидоас | капсулалар |
3004 90 000 2 | урсодезоксихолевая кислота | урсозим | капсулалар |
3004 90 000 9 | жоқ | натрий хлориді | инфузияға арналған 0,9% ерітінді, 100 мл |
3004 90 000 9 | жоқ | натрий хлориді | инфузияға арналған 0,9% ерітінді, 200 мл |
3004 90 000 9 | жоқ | натрий хлориді | инфузияға арналған 0,9% ерітінді, 250 мл |
3004 90 000 9 | жоқ | натрий хлориді | инфузияға арналған 0,9 % ерітінді , 400 мл |
3004 90 000 9 | жоқ | натрий хлориді | инфузияға арналған 0,9% ерітінді, 500 мл |
3004 90 000 9 | жоқ | декстроза (глюкоза) | инфузияға арналған 10% ерітінді, 200 мл |
3004 90 000 9 | жоқ | декстроза (глюкоза) | инфузияға арналған 10% ерітінді, 400 мл |
3004 90 000 9 | жоқ | декстроза (глюкоза) | инфузияға арналған 5 % ерітінді, 100 мл |
3004 90 000 9 | жоқ | декстроза (глюкоза) | инфузияға арналған 5 % ерітінді, 200 мл |
3004 90 000 9 | жоқ | декстроза (глюкоза) | инфузияға арналған 5 % ерітінді, 250 мл |
3004 90 000 9 | жоқ | декстроза (глюкоза) | инфузияға арналған 5 % ерітінді, 400 мл |
3004 90 000 9 | жоқ | декстроза (глюкоза) | инфузияға арналған 5 % ерітінді, 500 мл |
3004 90 000 9 | метронидазол | метронидазол | инфузияға арналған 5 % ерітінді, 100 мл |
3004 90 000 9 | офлоксацин | офлоксацин | инфузияға арналған 2 мг / мл, 100 мл |
3004 90 000 9 | левофлоксацин | левофлоксацин | инфузияға арналған 5 мг / мл, 100 мл |
3004 90 000 9 | гемцитабин | гемцитабин-келун-казфарм | инфузияға ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 200 мг |
3004 90 000 9 | гемцитабин | гемцитабин-келун-казфарм | инфузияға ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 100 мг |
3004 90 000 9 | доцетаксел | доцетаксел-келун-казфарм 20 мг/мл | инфузияға ерітінді дайындауға арналған концентрат |
3004 90 000 9 | доцетаксел | доцетаксел-келун-казфарм 80 мг/4 мл | инфузияға ерітінді дайындауға арналған концентрат |
3004 90 000 9 | кабазитаксел | кабазитаксел-келун-казфарм | жиынтығында еріткіш бар инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат |
3004 90 000 9 | метотрексат | метотрексат-келун-казфарм | инъекцияға арналған ерітінді, 20 мг/2мл |
3004 90 000 9 | метотрексат | метотрексат-келун-казфарм | инъекцияға арналған ерітінді, 7,5 мг / 0,75 мл |
3004 90 000 9 | метотрексат | метотрексат-келун-казфарм | инъекцияға арналған ерітінді, 10 мг/1 мл |
3004 90 000 9 | метотрексат | метотрексат-келун-казфарм | инъекцияға арналған ерітінді, 15 мг/1,5 мл |
3004 90 000 9 | оксалиплатин | оксалиплатин-келун-казфарм | инфузияға ерітінді дайындауға арналған концентрат |
3004 90 000 9 | паклитаксел | паклитаксел-келун-казфарм | инфузияға ерітінді дайындауға арналған концентрат, 100 мг/16,7 мл |
3004 90 000 9 | паклитаксел | паклитаксел-келун-казфарм | инфузияға ерітінді дайындауға арналған концентрат, 60 мг/10 мл |
3004 90 000 9 | паклитаксел | паклитаксел-келун-казфарм | инфузияға ерітінді дайындауға арналған концентрат, 30 мг / 5 мл |
3004 90 000 9 | паклитаксел | паклитаксел-келун-казфарм | инфузияға ерітінді дайындауға арналған концентрат, 300 мг / 50 мл |
3004 90 000 9 | пеметрексед | пеметрексед-келун-казфарм | инфузияға ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 100 мг |
3004 90 000 9 | пеметрексед | пеметрексед-келун-казфарм | инфузияға ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 500 мг |
3004 90 000 9 | флударабин | флударабин-келун-казфарм | инфузияға ерітінді дайындауға арналған концентрат, 50 мг/2 мл |
3004 90 000 9 | карбоплатин | карбоплатин-келун-казфарм | инфузияға ерітінді дайындауға арналған концентрат, 150 мг/15 мл |
3004 90 000 9 | циклофосфамид | циклофосфамид-келун-казфарм | көктамыр ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат |
3004 90 000 9 | эпирубицин | эпирубицин-келун-казфарм | инфузияға ерітінді дайындауға арналған концентрат, 10 мг / 5 мл |
3004 90 000 9 | эпирубицин | эпирубицин-келун-казфарм | инфузияға ерітінді дайындауға арналған концентрат, 50 мг/25 мл |
3004 90 000 9 | цисплатин | цисплатин-келун казфарм | инфузияға ерітінді дайындауға арналған концентрат, 20 мг/20 мл |
3004 90 000 9 | цисплатин | цисплатин-келун казфарм | инфузияға ерітінді дайындауға арналған концентрат, 50 мг / 50 мл |
3004 90 000 9 | винорелбин | винорелбин келун-казфарм | инфузияға ерітінді дайындауға арналған концентрат, 10 мг/1 мл |
3004 90 000 9 | винорелбин | винорелбин келун-казфарм | инфузияға ерітінді дайындауға арналған концентрат, 50 мг / 50 мл |
3004 90 000 9 | заледроновая кислота |
золедрон қышқылы | инфузияға ерітінді дайындауға арналған концентрат, 4 мг / 5 мл |
3004 90 000 9 | амброксол | солфран® | таблеткалар |
;
*** - ветеринарияда қолданылатын дәрілік заттар мен вакциналарды қоспағанда, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап өндірілген, дозаланған дәрілік нысандар түрінде (трансдермалдық жүйелер нысанындағы дәрілік заттарды қоса алғанда) немесе бөлшек саудаға арналған нысандарға немесе қаптамаларға өлшеп оралған дәрілік заттарға қатысты міндетті таңбалау;
**** - тек ақбөкеннің туындылары (мүйіздер);
***** - 2027 жылғы 1 қантардан бастап өндірілген және кегтер мен бөтелкелерде жеткізілетін, 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап банкаларға құйылған сыра мен сыра сусындарына қатысты міндетті таңбалау;
****** - 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап өндірілген мотор майларына қатысты. ЕАЭО СЭҚ ТН көрсетілген позицияларында жіктелетін тауарларға қатысты ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауардың атауын да басшылыққа алу қажет.
