Аудан әкімдігінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 319 "Атырау облысы Құрманғазы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 265 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 26 бабына, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 75, 729 баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 319 қаулысымен бекітілген "Атырау облысы Құрманғазы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      қосымша 15-2 тармақпен толықтырылып, төмендегідей мазмұндалсын:

      "15-2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазаларды қолданады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы К. Булеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады