Мақат ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 80 "Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 20 қазандағы № 180 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарын, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мақат ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 80 "Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне келесідей толықтырулар енгізілсін:

      осы қаулымен бекітілген "Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:

      15-тармақ:

      мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:

      "34-1) маңдайшаны ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асыру;";

      "34-2) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану.".

      2. "Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Каржауоваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы А. Қаржауова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады