"Магистральдық Суағызғысы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 91 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1-тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Магистральдық Суағызғысы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Мақат ауданы аумағындағы "Қашаған" газ кешенді дайындау қондырғысы "Астрахань-Маңғышлақ" суағызғысының желілік бөлігін және ондағы инфрақұрылым объектілерінің санитарлық күзет аймағын "Астрахань-Маңғышлақ" суағызғысы осінен 20 метрден белгілей отырып пайдалану және қызмет көрсету үшін жалпы ауданы 116,44 га жер телімін жер пайдаланушылардан және меншік иелерінен жер учаскелерін алып қоймастан, шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен 49 (қырық тоғыз) жылға қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін
уақытша атқарушы
А. Қаржауова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады