Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 тамыздағы № 30-VIII ""Индер аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2025 жылғы 16 қазандағы № 172-VIII шешімі

      Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Индер аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 тамыздағы № 30-VIII шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген "Индер аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы А. Рамазанов

  Индер аудандық
мәслихатының 2025 жылғы
16 қазандағы № 172-VIII
шешіміне қосымша
  Индер аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
8 тамыздағы № 30-VIII
шешімімен бекітілген

"Индер аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Индер аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың осы әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 33-бабының 5-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес әзірленді және "Индер аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - мәслихат аппараты) "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі-"Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалаудың тәртібін айқындайды.

      2. "Индер аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары осы Әдістеменің негізінде "Индер аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметінің ерекшелігін есепке ала отырып бекітеді.

      Мемлекеттік орган бекіткен "Б" корпусы мемлекеттік әкішілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі болмаған жағдайда, мемлекеттік органдар осы Үлгілік әдістемені басшылыққа алады.

      3. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) басшы лауазым – өзіне бағынысты бөлімшенің немесе жекелеген қызметкерлердің қызметін ұйымдастыру бойынша өкілеттіктер берілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымы;

      2) тікелей басшы – мемлекеттік лауазымы бойынша жоғары тұрған, мемлекеттік қызметші өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес оған тікелей бағынысты болатын адам;

      3) құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысы – Е-2 санатындағы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі;

      4) бағалаушы адам – тікелей басшы және/немесе құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысы;

      5) бағаланатын адам – өзіне қатысты бағалау жүргізілетін адам;

      6) калибрлеу сессиялары – бағаланатын адамдардың қызметін бағалау нәтижелерін талқылау, ықтимал түзету және бекіту үшін лауазымды адамдардың кездесулері;

      7) бағаланатын кезең – мемлекеттік қызметшінің жұмыс нәтижелері бағаланатын тоқсан.

      4. Индер аудандық мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) "Е-қызмет" интеграцияланған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.

      Бағалаушы адам болмаған кезде бағалауды оның орнындағы адам жүргізеді.

      Іссапарға жіберілген адамдарды бағалау іссапарға жіберу кезеңінде қабылдаушы мемлекеттік органда жүргізіледі.

      5. Бағалау тоқсан қорытындысы бойынша – есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Қорытынды баға ақпараттық жүйеде күнтізбелік жылдың есепті тоқсандары үшін "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің орташа бағасы негізінде автоматты түрде қалыптастырылады.

      Қорытынды баға есепті жылдан кейінгі 30 қаңтардан кешіктірілмей қалыптастырылады.

      6. Егер бағаланатын қызметшінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі бағаланатын лауазымға тағайындалған немесе сайланған күннен бастап бір айдан кем болған жағдайларда бағалау жүргізілмейді.

      Бұл ретте бағаланатын кезең қызметшінің нақты жұмыс істеген кемінде он бес жұмыс күнін қамтуға тиіс.

      7. Бағалау мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік органнан жұмыстан шығарылған қызметшілерді бағалау олардың қатысуынсыз 5-тармақта көрсетілген мерзімде жүргізіледі.

      8. Бағалау нәтижелері мынадай саралау бойынша қойылады:

      "Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады",

      "Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады",

      "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады",

      "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады" (қанағаттанарлықсыз баға).

      "Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады" нәтижесіне 4-тен 5 баллға дейін, "Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады" нәтижесіне 3-тен 3,99 баллға дейін, "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады" нәтижесіне 2-ден 2,99 баллға дейін, "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады" нәтижесіне 0-ден 1,99 баллға дейін.

      9. Бағалауды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген құрылымдық бөлімшелер (адам), соның ішінде ақпараттық жүйе арқылы қамтамасыз етеді.

      10. Бағаланатын қызметші өзінің бағалау нәтижелерін ақпараттық жүйеде, сондай-ақ "Е-қызмет" мобильді қосымша арқылы алады.

      Жұмыстан босатылған адамдарды таныстыру, есепті тоқсаннан кейінгі айдың ішінде, таныстыру тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатты және/немесе телефонограмманы және/немесе жеделхатты және/немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарды жіберу арқылы не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      11. Бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметші бағалау нәтижелерімен танысқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамға калибрлеу сессиясын өткізу жөнінде еркін нысанда тиісті өтінішпен жүгінеді.

      12. Мемлекеттік қызметші калибрлеу сессиясының шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекспен белгіленген тәртіпте шағымдана алады.

      13. Бағалаумен байланысты құжаттар бағалау аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде персоналды басқару қызметінде және ақпараттық жүйеде сақталады.

      14. Бағалау нәтижелері жасырын ақпарат болып табылады және қызметтік қажеттілікті, сондай-ақ "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік орган осы ақпаратты ашуға міндетті жағдайларды қоспағанда, үшінші адамдарға жария етуге жатпайды.

      15. Бағалау рәсіміне байланысты келіспеушіліктерді персоналды басқару қызметі барлық мүдделі адамдар мен тараптардың көмегімен қарайды.

      16. Персоналды басқару қызметі қамтамасыз етеді:

      1) коммуникациялық хабарламалар дайындауды, бағалау процесіне қатысушыларға консультация беруді қоса алғанда, қызметті бағалау процесін ұйымдастыру мен сүйемелдеу;

      2) қажет болған жағдайда бағалаушы мен бағаланатын адамдардың кездесуіне қатысу, қызметті бағалау процесінің мәселелері бойынша консультация беру жолымен даулы мәселелерді шешуге көмектесу;

      3) калибрлеу сессияларына дайындық шеңберінде әр қызметкер бойынша ақпарат дайындауды қоса алғанда, калибрлеу сессиясын өткізу;

      4) есепті кезең ішінде олардың қызметін бағалау шеңберінде қажетті құжаттардың толықтығы мен уақтылы толтырылуы, қажетті есептік жазбаларды енгізу, қызметкерлердің қызметіне бағалау жүргізу шеңберінде қызметкерге тиісті хабарламалар жіберу.

2-тарау. Мәслихат аппаратының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау тәртібі

      17. Мәслихат аппараты басшысының бағалауын осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тікелей басшы жүзеге асырады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда, басшы лауазымдарды атқаратын "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысымен осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      Өзге тұлғаларды бағалау құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысымен осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      18. Бағалау парағын бағалаушы адамға персоналды басқару қызметі ақпараттық жүйе арқылы жібереді.

      Бағалаушы адаммен 0-ден 5-ке дейінгі бағаларды қояды.

3-тарау. Калибрлеу сессияларын өткізу және кері байланыс ұсыну тәртібі

      19. Бағалау процесіне бірыңғай тәсілді келісу және сақтау мақсатында мәслихат аппараты осы Әдістеменің 11-тармағында көзделген тәртіппен калибрлеу сессияларын өткізеді.

      20. Мәслихат аппаратының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адам калибрлеу сессиясын өткізу туралы шешім қабылдайды және оның құрамын қызметшінің өтініші келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бекітеді.

      Калибрлеу сессиясының құрамы мүшелерінің тақ санынан тұрады.

      Калибрлеу сессиясы мүшелерінің саны үштен кем болмауы тиіс.

      Нақты калибрлеу сессиясының құрамына бағамен келіспейтін адам, сондай-ақ оны бағалаған адам кірмейді.

      Калибрлеу сессиясы мүшелерінің құрамына бағалаушы адамдар (бағалауы калибрлеу сессиясында қаралуға жататын адамды қоспағанда), сондай-ақ персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қызметкері не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін орындау жүктелген адам кіреді.

      21. Калибрлеу сессиясы қызметшінің өтініші түскен уақыттан бастап он жұмыс күн ішінде осы Әдістеменің 11-тармағында көзделген тәртіппен өткізіледі.

      22. Персоналды басқару қызметі калибрлеу сессиясының қызметін ұйымдастырады.

      23. Калибрлеу сессиясында бағалаушы адам бағаланатын адамның жұмысын қысқаша сипаттайды және өз бағасына дәлел келтіреді.

      Бағаланатын адам калибрлеу сессиясының мүшелеріне жазбаша немесе ауызша нысанда бағалауға өзінің келіспейтіндігін дәлелдеуге құқылы.

      Калибрлеу сессиясының мүшелері бағалаушының бағасын қолдай алады немесе бағалауды түзету үшін дәлелдер келтіре алады.

      Бағалауды түзетулер көтерілу жағынан да, төмендеу жағынан да енгізілуі мүмкін.

      Қорытынды баға калибрлеу сессиясы мүшелерінің басым дауысымен қабылданады және тиісті хаттамамен рәсімделеді. Персоналды басқару қызметі хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде ақпараттық жүйеге (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) орналастыруды қамтамасыз етеді.

      24. Калибрлеу сессиясының нәтижелері бойынша бағалаушы адам бағаланатын қызметшімен кездесу өткізеді және қорытынды бағалау нәтижесі туралы кері байланыс ұсынады.

      Кездесу барысында мынадай мәселелер талқыланады:

      бағаланатын кезеңдегі жетістіктерге шолу;

      дағдылар мен құзыреттерді дамытуға шолу;

      қызметкердің әлеуетіне шолу және мансаптық мақсатын талқылау.

      Бағалаушы адам кездесу кезінде ашық және достық қалыптағы диалогты қамтамасыз етеді.

  Индер аудандық мәслихаты
аппаратының "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау Әдістемесіне
1-қосымша
  Нысан

      Басшы лауазымды атқаратын адамның бағалау парағы

      (Бағаланатын адамның Т.А.Ә., мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы) _____________________________________________________________________ (бағаланатын кезең) _____________________________________________________________ (бағалайтын қызметшінің Т.А.Ә., мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы) __________________________________________________________________________ "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) мақсатында Сізге өз әріптестеріңізді 5 баллдық шкала бойынша бағалауды ұсынамыз. Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек. Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет. Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстылығын арттыра аласыз.

Параметрлер

Бағалау (0-ден* 5 баллға дейін)

Түсініктеме (қалау бойынша)

Толтыру кезінде түсініктеме

1. Жетекшілік ететін бөлімшелерде (жетекшілік ететін қызметшілердің) міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету



Есепке алынады:
- жетекшілік ететін бөлімшелердегі міндеттер мен тапсырмаларды сапалы орындау;
- осы параметр бойынша негізделген ескертулердің, қайтарулардың, шағымдардың немесе осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер.

2. Жетекшілік ететін бөлімшелерде (жетекшілік ететін қызметшілердің) міндеттердің орындалу мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету



Есепке алынады:
- орындаудың жеделдігі;
- осы параметр бойынша құжаттарды, тапсырмаларды, міндеттерді орындау мерзімдерінің бұзылмауы немесе осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер.

3. Көшбасшылық және шешім қабылдау дағдылары



Есепке алынады:
- команданы басқаруды және командалық нәтиже үшін жауапкершілікті өз мойнына ала білу;
- мақсаттар мен міндеттерді нақты белгілей білу;
- жеке мысал арқылы тиімді қарым-қатынас және оң командалық климат құру арқылы команданы ынталандыру мүмкіндігі;
- белгісіздік жағдайында тиімді әрекет ете білу;
- ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, міндеттерді шешудің бірнеше нұсқаларын ұсына білу;
- осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер.

4. Бағалаушы адамның еңбек тәртібін сақтауы



Есепке алынады:
- кешігудің болмауы;
- себепсіз жұмыстан мерзімінен бұрын шығудың болмауы;
- қызметтік әдеп бұзушылықтардың болмауы;
- ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау;
- мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау;
- мемлекеттік органның регламентің сақталуы немесе осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер.

5. Тәртіптік жазалардың болмауы



Бағаланатын тоқсанда қолданылған тәртіптік жаза ескеріледі.
Тәртіптік жаза болған жағдайда:
- ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс үшін баға 2,99 баллдан аспауы керек;
- жазаның өзге де түрлері түрінде, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтары үшін баға 1,99 баллдан аспауы тиіс.

Орташа қорытынды баға




      Ескертпе: Орташа қорытынды бағаны есептеу үшін қойылған бағалар сомасын бағаланатын параметрлер санына бөлу керек. * Бағалаудың 0 баллы қызметші бағалау параметрін толық орындамаған жағдайда қойылады.

      Бағалау нәтижесі: ____________ (функционалдық міндеттерін тиімді атқарады, функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады.

      Қызметшінің бағалау нәтижесі орташа қорытынды бағаның негізінде қойылады.

      Қолы ________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәләндырылған)

      Күні _________________

  Индер аудандық мәслихаты
аппаратының "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау Әдістемесіне
2-қосымша
  Нысан

      Басшы лауазымды атқармайтын адамның бағалау парағы

      (Бағаланатын адамның Т.А.Ә., мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы) __________________________________________________________________________ (Бағаланатын кезең) __________________________________________________________________________ (Бағалайтын қызметшінің Т.А.Ә., мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы) __________________________________________________________________________

      "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі - бағалау) мақсатында Сізге өз әріптестеріңізді 5 баллдық шкала бойынша бағалауды ұсынамыз. Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек. Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет. Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстылығын арттыра аласыз.

Параметрлер

Бағалау (0*-ден 5 баллға дейін)

Түсініктеме (қалау бойынша)

Толтыру кезінде түсініктеме

1. Функционалдық міндеттерді орындау сапасы



Осы параметр бойынша негізделген ескертулердің, қайтарулардың, шағымдардың немесе осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесіне сәйкес өзге де кемшіліктердің болмауы.

2. Міндеттерді орындау мерзімдерін сақтау



Есепке алынады:
- осы параметр бойынша құжаттарды, тапсырмаларды, міндеттерді орындау мерзімдерінің бұзылмауы немесе осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер.

3. Дербестік және бастамашылдық



Есепке алынады:
- қызметшінің функционалдық міндеттерін жоғары деңгейде дербес орындай алуы;
- жетекшілік ететін қызмет саласын жақсартуға бағытталған тәсілдерді, ұсыныстарды пысықтаудағы бастамашылдық;
- жетекшілік ететін міндеттерді шешуге қатысу және белсенділігі;
- осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер.

4. Еңбек тәртібін сақтау



Есепке алынады:
- кешігудің болмауы;
- себепсіз жұмыстан мерзімінен бұрын шығудың болмауы;
- қызметтік әдеп бұзушылықтардың болмауы;
- ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау;
- мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау;
- мемлекеттік органның регламентің сақталуы немесе осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер.

5. Тәртіптік жазалардың болмауы



Бағаланатын тоқсанда қолданылған тәртіптік жаза ескеріледі.
Тәртіптік жаза болған жағдайда:
- ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс үшін баға 2,99 баллдан аспауы керек;
- жазаның өзге де түрлері түрінде, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтары үшін баға 1,99 баллдан аспауы тиіс.

Орташа қорытынды баға




      Ескертпе: Орташа қорытынды бағаны есептеу үшін қойылған бағалар сомасын бағаланатын параметрлер санына бөлу керек. * Бағалаудың 0 баллы қызметші бағалау параметрін толық орындамаған жағдайда қойылады.

      Бағалау нәтижесі: ____________ (функционалдық міндеттерін тиімді атқарады, функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады).

      Қызметшінің бағалау нәтижесі орташа қорытынды бағаның негізінде қойылады.

      Қолы ________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәләндырылған)

      Күні _________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады