Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабына және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 75, 729-баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Индер ауданы әкімдігінің 2025 жылдың 19 наурыздағы № 52 "Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне келесідей толықтыру енгізілсін:
осы қаулымен бекітілген "Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесіндегі
16-тармақ:
мынадай мазмұндағы 15) тармақшасымен толықтырылсын:
"15) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазаларды қолдану".
2. "Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж.Тилепкалиева) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Мурзинге жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | С. Нсанбаев |
| Индер ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 6 тамыздағы № 154 қаулысымен бекітілген |
"Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. "Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Индер ауданы бойынша мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары бар:
Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі.
3. "Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индекс 060200, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Н.Меңдіғалиев көшесі 30.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
13. "Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік субъектілерімен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Индер ауданы бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы басшылықты жүзеге асыру.
15. Міндеттері:
1) отандық мәдениет пен өнерді насихаттау, ұлттық өнерді және дарынды тұлғалардың қызметтерін дамыту;
2) тілдерді қолдану мен дамыту бағытындағы және ауданның ономастика саласындағы жұмыстарын жетілдіру;
3) тарихи-мәдени мұраларды қорғау, сақтау мен пайдалану бағытында жергілікті атқарушы органдар, мекеме, кәсіпорындардың жұмысына бақылау жасайды және ескерткіштерді орнату жұмыстарына ұсыныс береді, жұмыстарын жүргізеді;
4) мәдени ағарту мекемелерінің мәдениет үйлері мен клубтардың, кітапханалардың жұмысына басшылық етеді, мәдениет мекемелері мен ұйымдардың мәдени ағарту жұмыстары желісін кеңейту, дамыту;
5) мәдениет мекемелерінің жұмысын дамыту, мемлекеттік жоспардың орындалуын, халыққа ақылы қызмет ету жоспарын ай, тоқсан сайын орындалуын қадағалау;
6) "Мәдениет туралы" Заңды басшылыққа алып, мәдени мекемелердің материалдық-техникалық базаларын жақсарту жұмыстарын ұйымдастыру;
7) қазақтың ұлттық мәдениетінің қайта жаңғыруын, сақталуын, дамуын және таралуына қамқорлық жасау;
8) Қазақстан Республикасының зандарында көзделген жағдайларда коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстараның (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлеміне бақылау жасау;
9) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, осы Заңда көзделген жағдайларда келіседі және бекітеді;
10) коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға келісім береді;
11) коммуналдық мекеме басшыларын тағайындайды және тағайындау үшін келісім береді;
12) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының және облыс әкімдігінің тіл туралы заңнамаларын меншік түріне қарамастан кәсіпорын, мекемелерде орындалуын зерделеу және бақылауды жүзеге асыру;
13) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғалықтарын дамыту үшін жағдайлар жасау арқылы ой-өрістерін байыту;
14) азаматтылыққа, патриоттыққа және өз Отаны-Қазақстан Республикасын сүюге, мемлекеттік рәміздерді сыйлауға, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу;
15) басқа мемлекеттік органдармен, мекемелермен мәдениет дамыту мен насихаттауға бағытталған мәдени, қоғамдық маңызды шараларды дайындау және жүргізу ісінде әрекет ету;
16) жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан бөлімнің құзіретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат сұратуға;
17) аудандық әкімдікке бөлімнің құзіретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы;
18) халықтың сұранысындағы көркем әдебиетпен қамтамасыз ету үшін ұсыныстар беру.
16. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің тапсырмаларын, облыс, аудан әкімдері нормативтік актілерінің орындалысын қамтамасыз ету;
2) бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен ақпараттық байланысты қамтамасыз ету;
3) аймақтағы тіл саясатын жүзеге асыруды тоқсан сайын қорытындылайды;
4) тіл саясатына қатысты ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, жиналыстар, дөңгелек үстелдер т.б. өткізеді;
5) мәдениет қызметкерінің білімділігін, біліктілігі мен шығармашылығын дамытып аттестациядан өткізіп отырады;
6) аудандық шараларын өткізу және олар үшін қаржы бөлуді ұйымдастыру;
7) тұрғындар арасында түрлі мәдени-көпшілік жұмыстар жүргізу арқылы, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануына жағдай жасау;
8) аудандағы кітапханалар жүйесінің жұмысын ұйымдастыру;
9) халық арасында ұлттық өнер мен салт-дәстүрді насихаттау, ақыл-ойы дамыған ұрпақты тәрбиелеуге қажетті әдістер мен тәсілдерді пайдалана отырып, мәдениет үйінің әлеуметтік-экономикалық статусын көтеру;
10) тұрғындардың әртүрлі топтарының тілек-мүдделері мен рухани қажеттіліктерінің сұраныстарына байланысты жаңа мәдени қызметтерді ұйымдастыру жұмыстарының әдістері мен нормаларын енгізу. Жас ұрпақты мәдени шараларға белсенді қатыстыру;
11) драмалық, музыкалық, хореографиялық, бейнелеу, әсемдік-қолданбалы және эстрадалық өнердің жоғары көркемдік туындыларын қамтамасыз ететін сайыстар мен байқаулар, өзге де мәдени шараларды ұйымдастырып өткізуге басшылық жасау;
12) аудан көлеміндегі тарихи, мәдени ескерткіштерді насихаттау және оларды пайдалану, жөндеу, есебін жүргізу жұмыстарын қадағалауды жүзеге асырады;
13) аудандағы мәдениет үйлері мен кітапханалардың жұмысына басшылық жасайды;
14) маңдайшаны ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асыру";
15) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазаларды қолдану.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мәдениет және тілдерді дамыту жүйелері мәселесі бойынша жоба әзірлеп, оны белгіленген тәртіппен жоғарғы органдарға ұсынуға;
2) бөлімнің саласына жататын мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастырған шараларға қатысу;
3) Қазақстан Республикасы Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
4) бөлім құзырындағы мәселелер мен айналысатын мәдени мекемелерінің басшыларына әдістемелік, ақпараттық және басқада көмек көрсетуге;
5) мәдениет және тіл саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыруға;
6) мемлекеттік органдардың, мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысын жетілдіру туралы көрсетілген бағытта ұсыныс енгізуге;
7) өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыруға;
8) Қазақстан Республикасы "Тіл туралы" Заңының орындалуын бақылау жұмыстарын мемлекеттік және барлық меншік нысанындағы мекемелер мен кәсіпорындарды тексеру арқылы заңның орындалуын қадағалауғ
9) тиісті мемлекеттік органға қарасты тиісті саланың коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлкін есептеп шығаруға келісуді жүзеге асыруға құқылы;
10) осы Ереже, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де өкілдерді жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
19. "Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
20. "Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
- бөлімнің жұмысын ұйымдастырып, жетекшілік етеді және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапкершілікте болады;
- бөлім мамандарының өкілеттіліктері мен міндеттерін белгілейді;
- заңнамада белгіленген тәртіп бойынша бөлім қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын қолданып оларға тәртіптік жаза қолданады;
- өз өкілеттілігі шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулықтар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
- кадрларды іріктеп оларды дұрыс орнықтыру мәселесімен айналысады;
- қызметкерлерді марапаттау шараларын қабылдайды және тәртіптік шаралар қолданады;
- қаржылық және шаруашылық қызметін жүзеге асырады;
- сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеу;
- бөлімді ұстауға бөлінген жалақы қоры мен қызметкерлер лимиті шегінде шығындарды және штатық кестені бекітеді;
- азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, арыз шағымдарды қарайды;
- заңнамаға сәйкес өзгеде өкілеттерді жүзеге асырады.
21. "Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкi
22. "Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
"Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. "Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
