Махамбет аудандық мәслихатының кейбір шешімдерін жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2025 жылғы 4 қарашадағы № 231 шешімі

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Махамбет аудандық мәслихатының келесі шешімдері жойылды деп танылсын:

      1) ""Махамбет аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Махамбет аудандық мәслихатының 2023 жылғы 02 маусымдағы № 35 шешімі;

      2) Махамбет аудандық мәслихатының 2023 жылғы 02 маусымдағы № 35 ""Махамбет аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Махамбет аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 84 шешімі.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы К. Мажиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады