"MACHTECHKZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесін жария (сервитут) құқығымен беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 137 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 9, 14-1, 17, 69, 71-1 75 баптарын басшылыққа ала отырып, 2024 жылғы 26 тамыздағы № 289-ГИН (ПВ) Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен "MACHTECHKZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы шарты және "MACHTECHKZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2025 жылғы 12 қаңтардағы № 13-24 өтініші негізінде Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "MACHTECHKZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Жылыой ауданы, Төңірекшың учаскесінде геологиялық барлау және жер қойнауын зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жалпы ауданы 1821 га жер учаскесіне 3 (үш) жыл мерзімге дейін жария (сервитут) құқығымен берілсін.

      2. "MACHTECHKZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне:

      1) Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімімен сервитут белгілеу туралы шартын 10 жұмыс күндік мерзімнен кешіктірмей жасақтау;

      2).жер учаскелерін пайдаланғаны үшін жер салығын Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес төлеу;

      3) жер учаскесін өз мақсатында пайдалану;

      4) жерді бүліну процестерінен қорғауға, бүлінген жерді жаңғыртуға, оның құнарлылығын қалпына келтіруге бағытталған шараларды жүргізу ұсынылсын.

      3. Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі жерлерді есепке алу құжаттамасына тиісті өзгерістер енгізсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Қаражанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады