Объектілік масштабтағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімінің 2025 жылғы 20 қазандағы № 66 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Заңының Қазақстан Республикасындағы 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Жылыой аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысының 2025 жылғы 13 қазандағы хаттамасының 1-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жылыой ауданы, Құлсары қаласында № 244 көшесі № 175-3 тұрғын үйде апатты жағдайдың туындауы мүмкін болуына байланысты объектіде объектілік масштабтағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып өзімді тағайындаймын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы А. Айдашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады