Объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімінің 2025 жылғы 11 маусымдағы № 32 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Заңының Қазақстан Республикасындағы 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Жылыой аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысының 2025 жылғы 09 маусымындағы хаттамасының 1-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жылыой ауданы, Құлсары қаласында А.Бисембаев көшесі 192 тұрғын үй ғимаратының техногендік авариялық жағдайдың туындау қауіпіне байланысты, ол жазатайым оқиғалар мен адамдардың қаза болуына әкеп соғуы мүмкін, объектіде: Құлсары қаласы, А.Бисембаев көшесі 192 үй мекенжайы бойынша объектілік масштабтағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары белгіленсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Г. Айшуақова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады