"Қазақстан Республикасындағы "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының, 8-тармағы негізінде және Атырау облысы Атырау қалалық аумақтық инспекциясы басшысының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 08-5/673-И ұсынысы бойынша, Атырау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 19 қарашадағы № 481 шешімімен белгіленген шектеу шаралары ветеринариялық іс-шаралар кешені толықтай жүргізілуіне байланысты тоқтатылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енгізілсін.
| Атырау ауылдық округінің әкімі | Н. Халмурзин |
