"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 және "Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы" Атырау қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 1020 қаулысына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Атырау қаласы әкімі аппаратының іс басқармасы" және "Смарт Атырау" коммуналдық мемлекеттік мекемелері жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемақылары 5 еселенген біріңғай лауазымдық жалақыдан артық емес мөлшерінде белгілесін.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енгізілсін.
Атырау қаласы Мәслихатының төрағасы |
Б. Мурзагалиев |