Қазақстан Республикасының салық кодексінің 726-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 2026 жылға алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға (шығыстарды есепке алмағанда) дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының төрағасы | С. Бекшенов |
