Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 04 ""Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2025 жылғы 12 маусымдағы № 321/24 шешiмi

      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 04 ""Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Бағалауды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді кадрлық мәселелер жөніндегі бас маман (бұдан әрі – бас маман), оның ішінде ақпараттық жүйе арқылы қамтамасыз етеді.

      Бұл ретте бас маман ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адам бекітетін бағалау кестесін құрастырады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының төрағасы С. Бекшенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады