"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3-тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртібі мен шарттарда жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қантардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
| Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Елеусізов |
| Солтүстік Қазақстан облысы | |
| Қызылжар аудандық мәслихатының | |
| 2025 жылғы 22 желтоқсандағы | |
| № 28/3 шешіміне | |
| қосымша |
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын келесі ұйымдардың D блогына (қосалқы персонал) жататын жұмыскерлердің және жұмысшылардың (біліктілік разряды) лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары:
1) "Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2), "Қызылжар ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) "Қызылжар аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) "Қызылжар аудандық экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) "Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) "Қызылжар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) "Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10) "Архангельск ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) "Асаново ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12) "Березов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13) "Бескөл ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14) "Бугровое ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15) "Вагулино ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16) "Виноградов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17) "Куйбышев ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18) "Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19) "Лесной ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20) "Налобино ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
21) "Новоникольск ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
22) "Петерфельд ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
23) "Прибрежный ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
24) "Рассвет ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
25) "Рощино ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
26) "Светлопольск ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
27) "Соколов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
28) "Якорь ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
№ п/п | Лауазымдардың толық жазылуы (атауы) | Лауазымдық айлықақыға үстемеақы |
1 | Жүргізуші | 50 % |
2 | Басшының хатшысы | 50 % |
3 | Әдіскер | 50 % |
4 | Аударма редакторы | 50 % |
5 | Көшіру-көбейту машиналарының операторы | 50 % |
6 | Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі | 50 % |
7 | Статистик | 50 % |
8 | Курьер | 50 % |
9 | Іс жүргізу жөніндегі инспектор | 50 % |
10 | Диспетчер | 50 % |
11 | Электр жабдықтарды жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі электр монтері | 50 % |
12 | Киім ілуші | 50 % |
13 | Аула тазалаушы | 50 % |
14 | Қызметтік үй-жайларды тазалаушы | 50 % |
15 | Комендант | 50 % |
16 | Күзетші | 20 % |
17 | От жағушы | 20 % |
