"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 21 сәуірдегі № 96 қаулысымен бекітілген "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне (бұдан әрі - Ереже) қосымшаға сәйкес толықтыру енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің міндетін атқарушы | Б. Исманов |
| Қызылжар ауданы әкімдігінің | |
| 2025 жылғы " 01" шілдедегі №189 | |
| қаулысымен бекітілді |
"Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне енгізілген толықтырулар тізбесі
2-тарауда "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері 15-тармақ Функциялары мынадай мазмұнмен толықтырылсын:
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады.
