Жер салығының мөлшерлемелері туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 35/527 шешімі

      Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 2-тармағымен.

      Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 582-бабының 1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерінен басқа, Салық кодексінің 577 және 578 баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға арттырылсын.

      2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының төрағасы Е.Тұтқышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады