Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 23 мамырдағы № 7 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

      1. "КОКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 49 жыл мерзімге Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Чистопол ауылдық округі, Чистополье ауылы мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы ауданы 0,0284 га жер учаскесіне әуе желілерін қайта жаңарту және оларға қызмет көрсету үшін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Чистопол ауылдық округ әкімінің м.а. Ә. Мушаитова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады