Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 218 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына,"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишим ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар, көлігі және автомобиль жолдары бөлiмi" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиесілі, жалпы ауданы 0,006 гектар жер учаскесіне, орналасқан мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мекенжайында орналасқан жер учаскесіне 49 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін, Новоишим ауылдық округі, Новоишим ауылы, Абылай хан көшесі, электрмен жабдықтауға қызмет көрсету үшін, Абылай хан көшесі, Новоишим ауылы.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Новоишим ауылдық округінің әкімі А. Букпин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады