Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына,"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишим ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар, көлігі және автомобиль жолдары бөлiмi" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиесілі, жалпы ауданы 1,5239 гектар жер учаскесіне, орналасқан мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылдық округі, Новоишим ауылы, Ворошилов көшесі бойындағы 50 пәтерлі тұрғын үйдің инженерлік желілерін салу және күтіп-ұстау, сондай-ақ аумағын абаттандыру көрсету үшін 49 жыл мерзімге қоғамдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Новоишим ауылдық округінің әкімі | А. Букпин |
