"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4 және 5–тармақтарына, "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7297 болып тіркелді), Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға 1 (бір) километр үшін 9 (тоғыз) теңге мөлшерінде тариф белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі | Р. Аңбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
мәслихаты
