Айыртау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 24 қарашадағы № 386 шешімі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің мынадай қаулылары жойылсын:

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы №399 қаулысы "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының елді мекендерінде салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймақтау коэффициенттерін (К айм) бекіту туралы" қаулысы;

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 373 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 399 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының елді мекендерінде салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттерін (К айм) бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы;

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 183 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 399 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының елді мекендерінде салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттерін (аймақтарға) бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының әкімі
М. Меңдібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады