Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің мәдениет жене тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін оған "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдык мемлекеттік мекемесін қосу арқылы қайта құру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 89 қаулысымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі келесі тармақтармен толықтырылсын:
14 тармақ келесі мазмұндағы 60 және 61 тармақшалармен толықтырылсын:
60) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
61) маңдайшаны ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламалар "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдансын және қарауы жүзеге асырылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қамтамасыз етсін;
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілген өзгеріс жөнінде әділет органдарын хабардар етуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аққайың ауданының әкімі | Ж. Құсайын |
