Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы қаулының 3-тармағымен.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 600-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2 тармағына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы бойынша салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттері (К аймақ) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | С. Мұхамедиев |
| Солтүстік Қазақстан облысы | |
| Петропавл қаласы әкімдігінің | |
| 2025 жылғы " 01" желтоқсандағы | |
| № 1771 қаулысына | |
| қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері (аймақ К)
Аймақ № | Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері (аймақ К) | Аймақ шекаралары |
1 | 2 | 3 |
I | 2,0 | І аймақ Петропавл қаласының орталық бөлігін қамтиды. Бір алқаптан тұрады. Солтүстік жақтан бастап Сергей Павлов – Крепостная – Жамбыл – Аяған Шәжімбаев – Жамбыл атындағы қысқа көше – Мұхтар Әуезов – Заводская – Гоголь – Юрий Медведев – "Ресей темір жолы" акционерлік қоғамына бөлінген алаптың солтүстік жағы – Егемен Қазақстан – Партизан – Парковая – Труд – 314-ші Атқыштар Дивизиясы көшелерінің бойымен – "Ресей темір жолы" акционерлік қоғамына бөлінген алаптың солтүстік жағы – "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолы – Ыбырай Алтынсарин – Маяковский – Пушкин – Кәрім Сүтішев көшелерінің бойымен Сергей Павлов көшесіне дейін өтеді. |
II | 1,9 | ІІ аймақ Петропавл қаласының орталық бөлігіне оңтүстіктен шектеседі. Солтүстік жақтан бастап "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолы – Георгий Жуков атындағы – Жәлел Қизатов атындағы көшелердің бойымен – "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолымен оңтүстік-шығысқа – Промышленная көшесімен – VI аймақтың шекарасы бойымен солтүстік-батысқа – Ніл Болатбаев – Жамбыл – Крепостная – Сергей Павлов көшелерінің бойымен – Есіл өзенінің жағалауымен – "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолына дейін өтеді. |
III | ІІІ аймақ 4 бөліктен тұрады. | |
III-1 | 1,15 | ІІІ-1 аймағы – шығыс жақтан І аймақпен шектеседі. Солтүстік жақтан бастап Сергей Павлов – Карим Сутюшев – Пушкин – Маяковский – Ыбырай Алтынсарин көшелерінің – "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолының бойымен – "Қызылжар Су" акционерлік қоғамының жер учаскесі шекарасының шығыс жағы – Перминовтер көшесі – "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолының батыс жағынан Сергей Павлов көшесіне дейін өтеді. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес ІІІ-1 аймаққа мына есептік орамдар кіреді: 013, 020 (Маяковский көшесі – Ыбырай Алтынсарин атындағы көше – Позолотин көшесі – "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолы дейінгі бөлігі), 021 (Крылов көшесінен – Есіл өзені – Ыбырай Алтынсарин атындағы көшеге дейінгі бөлігі), 022 (Ыбырай Алтынсарин атындағы көшеден – "Қызылжар Су" акционерлік қоғамы жер учаскесінің сыртқы шекарасы – "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолына дейінгі бөлігі). |
III-2 | 1,45 | ІІІ-2 аймағы – "Береке", "Бензострой" ықшам аудандары батыс жақтан І аймаққа шектеседі. Солтүстік жағынан бастап Мұхтар Әуезов атындағы көшенің бойымен – VI аймақ (өнеркәсіптік аймақ) шекарасы бойымен шығыс жағынан – VI аймақ шекарасы бойымен оңтүстік жағынан ("Ресей темір жолы" акционерлік қоғамына бөлінген белдеу алап) – Юрий Медведев – Гоголь – Заводская – Мұхтар Әуезов көшелерінің бойымен солтүстікке қарай өтеді. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес ІІІ-2 аймаққа мына есептік орамдар кіреді: 017 (Юрий Медведев – Гоголь – Заводская – Мұхтар Әуезов көшелері – "ЗИКСТО" акцонерлік қоғамы жер учаскесінің шығыс шекарасы – өнеркәсіптік аймақ бөлігі), 026, 027. |
III- 3 | 1,25 | ІІІ-3 аймағы – "Жұмысшы кенті" ықшам ауданы. Жол өтпесінің солтүстік-шығыс жағынан бастап "Ресей темір жолы" акционерлік қоғамына бөлінген алап шекарасымен (VI аймақ шекарасы) шығыс бағытта үймеге дейін – Космонавтар көшесі бойымен батысқа, содан әрі "Южный" ықшам ауданының шекарасы бойымен оңтүстікке – "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолы бойындағы белдеу шекарасымен солтүстік бағытта – "Жезқазған-Петропавл" автомобиль жолы бойымен жол өтпесіне дейін. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес ІІІ-3 аймаққа мына есептік орамдар кіреді: 028, 029, 030, 031, 032, 033, 034, 035, 036, 097, 098, 099, 142 (бір бөлігі). |
III-4 | 1,65 |
ІІІ-4 аймағы – "Борки", "Кірпіш зауыты", қаланың солтүстік жақ бөлігінде орналасқан. Солтүстіктен бастап оңтүстікке қарай "Петропавл-Долматов" автомобиль жолы" бойымен – Жәлел Қизатов атындағы көше бойымен – Георгий Жуков атындағы көшеге өтіп – Есіл өзенінің жағалауымен – "Каскад" бау-бақша серіктестігінің шығыс жағынан – 062 кадастрлық орам шекарасы бойымен – Есіл өзені жағалауымен – "Полуостров" бау-бақша серіктестігінің шығыс жағынан – Есіл өзені жағалауы бойымен жыра арқылы "Петропавл-Долматов" автомобиль жолына дейін өтеді. |
IV | Бұл аймақ алты оқшауланған ықшам тұрғын ауданнан тұрады. | |
IV-1 | 1,25 | IV-1 аймағы – "Солнечный" ықшам ауданы, қаланың солтүстік жағында орналасқан. Аймақтың шекарасы 143 кадастрлық орамның шекарасы бойымен солтүстіктен шығысқа – оңтүстік бөлігінде 043, 042, 041 кадастрлық орам шекараларының бойымен – батыс жақта 143 кадастрлық орамы шекарасының бойымен – бұдан әрі 001 кадастрлық орамның шекарасы бойымен солтүстікке өтеді. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес IV-1 аймаққа мына есептік кіреді: 001 (Солнечный кентінен бастап оңтүстікте, қаланың солтүстік шекарасына дейінгі бөлігі), 043 (бір бөлігі), 141 ("Чайка" бау-бақша серіктестігінің оңтүстік жағынан, қаланың солтүстік шекарасына дейінгі бөлігі). |
IV-2 | 1,05 | IV-2 аймағы – "Новопавловка" кенті ықшам ауданы, Есіл өзені мен "Петропавл – Долматов" автожолы арасында орналасқан. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес IV-2 аймағына мына есептік орамдар кіреді: 001 (Новопавловка тұрғын алабындағы бөлігі). |
IV-3 | 1,3 | IV-3 аймағы – "Орман" ықшам ауданы, "Борки" кентіне қарама-қарсы орналасқан. Аймақтың шекарасы солтүстікте 057 кадастрлық орамы шекарасы бойымен – шығыс жақта "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" акционерлік қоғамы учаскесінің шекарасымен – бұдан әрі "Петропавл – Долматов" автожолы бойымен солтүстікке өтеді. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес IV-3 аймағына мына есептік орамдар кіреді: 059, 060, 141 ("Орман" ықшам ауданының бір бөлігі). |
IV-4 | 1,45 | IV-4 аймағы – "Заречный кенті" ықшам ауданы. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес IV-4 аймаққа мына есептік орамдар кіреді: 037. |
IV-5 | 1,35 | IV-5 аймағы – "Кірпіш кенті", ықшам ауданы, "Былғары зауыты кенті", биотоғаннан оңтүстік-шығысқа қарай. Аймақтың шекарасы 038 және 039 кадастрлық орамдарының сыртқы шекарасымен сәйкес келеді. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес IV-5 аймаққа мына есептік орамдар кіреді: 038, 039. |
IV-6 | 0,95 | IV-6 аймағы – "Южный" ықшам ауданы, Жұмысшы кентіне қарама-қарсы, "Петропавл қаласының айналма жолы" автожолынан оңтүстікке қарай. Аймақтың шекарасы солтүстік жақтан "Петропавл қаласының айналма жолы" автожолы бойымен, шығыс, оңтүстік және батыс жақтан "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жер учаскелері шекарасы бойымен өтеді. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес IV-6 аймағына мына есептік орам кіреді: 142 (Южный ықшам ауданының бір бөлігі). |
V | Бұл аймақ үш аумағы шағын бөліктен тұрады және бір қабатты тұрғын үй жеке секторынан тұрады. | |
V-1 | 0,85 | V-1 аймағы – Оңтүстік-Орал темір жолының қаланың шығыс бөлігіндегі 2632 км бойындағы аялдау пункті, сызбаға сәйкес (1-қосымша). Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес V-1 аймаққа мына есептік орамдар кіреді: 141 (бір бөлігі). |
V-2 | 0,9 | V-2 аймағы – қаланың шығыс бөлігіндегі Теплов орманшылығы жанындағы тұрғын үйле,сызбаға сәйкес (2-қосымша). Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес V-2 аймағына мына есептік орам кіреді: 151 (бір бөлігі). |
V-3 | 0,95 | V-3 аймағы – Оңтүстік-Орал темір жолының қаланың батыс бөлігіндегі 2617 км-дегі аялдау пункті. |
VI | 1,1 | Бұл аймаққа шығыс өнеркәсіптік аймақ, сонымен қатар басқа өнеркәсіптік, қойма кәсіпорындары, зауыттардың аумағы, 2-ші жылу электр станциясы және оның жұмыс істеу үшін қажет объектілері, темір жол жолдары, түсіру алаңдары, элеватор және одан оңтүстікке қарай өнеркәсіп-қойма аумағы, автобазалар, автобус парктері жатқызылған. VI аймағы – батыс жағынан І, ІІ, ІІІ-1, ІІІ-2, ІІІ-3, IV-6 аймақтармен және батыс жағынан V-1, V-2, VII-1 аймақтармен шектеседі. Солтүстік және шығыс жақтағы алаптың бәрі "Петропавл қаласының айналма жолы" автожолына дейін және темір жолына бөлінген белдеудің бойында шоғырланған. Сонымен қатар VI аймаққа "Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы" акционерлік қоғамының аумақтары (каналдар, күл үйінділері, салқындатқыш тоған және сыртқы коммуникациялар) кіреді. |
VII | VII аймақ – 10 бөліктен тұрады және бағалау аймағының ауданы бойынша ең үлкені болып табылады. | |
VII-1 | 0,8 | VІІ-1 аймағы – оған ауыл шаруашылығы мақсатындағы, арнайы мақсаттағы жерлер, резервтегі жерлер, орман екпелері, су объектілері, бау-бақша серіктестіктері және алдыңғы алтауына қосылмаған басқа да жерлер біріктірілген. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-1 аймағына мына есептік орамдар кіреді: 010 (бір бөлігі), 011 (бір бөлігі), 012 (бір бөлігі), 040-077, 080-083, 085-089, 091-094, 096, 100-111, 122-134, 141 (бір бөлігі), 142 (бір бөлігі), 143 (бір бөлігі). |
VII-2 | 0,7 | VІІ-2 аймақ – Қызылжар ауданы Рощинск ауылдық округі Белое ауылынан 12 километр солтүстік-шығыстағы қарай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-2 аймағына мына есептік орам кіреді: 141 (бір бөлігі). |
VII-3 | 0,8 | VІІ-3 аймағы – "Петропавл – Соколовка – Ресей Федерациясының шекарасы" автожолының сол жағынан Қызылжар ауданы Якорь ауылдық округі Якорь ауылына қарай. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-3 аймағына мына есептік орамдар кіреді: 136-139. |
VII-4 | 0,75 | VІІ-4 аймағы – Қызылжар ауданы Петерфельд ауылдық округі, Кривоозерка ауылының батыс жағынан. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-4 аймағына мына есептік орам кіреді: 140. |
VII-5 | 0,75 | VІІ-5 аймағы – Қызылжар ауданы Петерфельд ауылдық округі Кривоозерка ауылының оңтүстік жағынан. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-5 аймағына мына есептік орамдар кіреді: 120, 121. |
VII-6 | 0,75 | VІІ-6 аймағы Қызылжар ауданы Петерфельд ауылдық округі Кривоозерка ауылынан 1,5 километр оңтүстік жақтан. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-6 аймағына мына есептік орамдар кіреді: 115-119 |
VII-7 | 0,9 | VІІ-7 аймағы – Қызылжар ауданы Петерфельд ауылдық округі Кривоозерка ауылының солтүстік-батыс жағынан. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-7 аймағына мына есептік орам кіреді: 095. |
VII-8 | 0,9 | VІІ-8 аймағы – "Қарғалы арал" мемлекеттік орман саяжайы – Қызылжар ауданы Прибрежное ауылдық округі Прибрежное ауылынан 1,5 километр оңтүстік-батысқа қарай. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-8 аймағына мына есептік орам кіреді: 144. |
VII-9 | 0,8 | VІІ-9 аймағы – Бескөл ауылдық округі Бескөл ауылының солтүстік жағынан. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-9 аймағына мына есептік орам кіреді: 142. |
VII-10 | 0,85 | VІІ-10 аймағы – Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округі Ивановка ауылының оңтүстік-шығысында. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-10 аймағына мына есептік орамдар кіреді: 112-114. |
