Петропавл қаласы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 6/29 шешімі

      Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 2-тармағымен.

      Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі Салық кодексінің 582-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілген жерлерді аймақтарға бөлу жобаларына (сызбаларына) сәйкес, Петропавл қаласы бойынша жер салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі Салық кодексінің 577 және 578-баптарында белгіленген базалық мөлшерлемелерден елу пайызға арттырылсын, келесі жер учаскелерін қоспағанда: автотұрақтар (паркингтер), автожанармай құю станциялары үшін бөлінген, казино орналастырылған, сондай-ақ тиісті мақсатта пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелері.

      2. Осы шешім ресми жариялауға жатады және 2026 жылғы 01 қаңтардан қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қалалық мәслихатының төрағасы А. Бердағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады