Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7637-15 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары осы шешімге сәйкес 10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"10. Толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір реттік мөлшерінің шегінен аспайтынын ескере отырып, кезең-кезеңімен (жылына бір рет) 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, оның ішінде мынадай негіздер бойынша:
жетімдiк және ата-ана қамқорлығының болмауы;
жасы ұлғаюына байланысты, науқастануы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіздігі;
әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігі шектелген азаматқа;
жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы жағдайларында көрсетіледі.
Қағидалардың 11-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сондай-ақ пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға – бір жолғы 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (босатылған немесе пробация қызметінде есепке қойылған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей жүгінген жағдайда) әлеуметтік көмек көрсетіледі.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Петропавл қалалық мәслихатының төрағасы | А. Бердағұлов |
