"Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 19 маусымдағы № 173 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 1 желтоқсандағы № 315 қаулысы

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 19 маусымдағы № 173 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  әкімдігінің 2025 жылғы
  "01" желтоқсандағы
  № 315 қаулысына
  қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  әкімдігінің 2024 жылғы
  "19" маусымдағы
  № 173 қаулысына
  қосымша

Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі

Ауылшаруашылық өнімнің атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативі, теңге/ килограмм

Шикі сүт

Сары май

69,0

Шикі сүт

Қатты ірімшік

43,0

Шикі сүт

Құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған)

32,0

Бидай

Құрғақ бидай желімтегі (бидай глютені)

15,01


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады