Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Туризм басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 7 қыркүйектегі №3/443 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
"Алматы қаласы Туризм басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
12 тармақ келесі мазмұндағы 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) арт-орталықтар, концерттік алаңдар және көпсалалы мәдени орталықтар форматында шығармашылық кеңістіктер құру;
11) қаланың тартымдылығын арттыру, "ивент-брендтерді", креативті индустрия өнімдерін және іс-шаралар өткізу және ілгерілету арқылы әлемдік кеңістікке интеграциялау;
12) Алматы қаласында креативті индустрияларды дамытудың тәуелсіз экономикалық болжамдарын әзірлеу.".
14 тармақ мынадай мазмұндағы 52-4), 52-5), 52-6), 52-7) тармақшалармен толықтырылсын:
"52-4) қаланың креативті индустрияларын танымал ету бойынша жұмысты ұйымдастыру;
52-5) креативті шығармашылық процестер мен өндірістерді ынталандыру мақсатында шығармашылық кластерлермен, блогерлермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және стейкхолдерлермен ынтымақтастық орнату;
52-6) шығармашылық коворкинг-орталықтарды, клубтар мен қауымдастықтарды, шығармашылық студияларды, ұжымдық шығармашылыққа арналған кеңістіктерді, концерттік алаңдарды, көрме кеңістіктерін және т.б. ашу үшін жағдайлар жасау;
52-7) шығармашылық өнімді ілгерілету және коммерцияландыру мақсатында шығармашылық жобаларды дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ гранттық қолдау көрсету;";
24 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"24. "Алматы қаласы Туризм басқармасы" КММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Алматы қаласы Туризм басқармасы" КММ қарамағындағы ұйымдар: "Алматы туризм бюросы (Almaty Tourism Bureau)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және "Almaty Creative" креативті индустрияларды дамыту орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".
2. "Алматы қаласы Туризм басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) Мекеменің құрылтай құжатына енгізілген өзгерістер туралы Алматы қаласының әділет органдарына хабарлауды;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жариялауға жіберуді, Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына ресми жариялау және орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласының әкімі | Д. Сатыбалды |
