2025 жылға тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 23 шiлдедегi № 3/518 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 5, 64 тармақтарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) арналған субсидиялар нормалары бекітілсін.

      2. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды

  Алматы қаласы әкімдігінің
№ ___ 2025 жылғы "___"__________
қаулысына қосымша

2025 жылға тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялардың нормалары

Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері

Тыңайтқыштың әсер ету заттарының құрамы, %

Өлшем бірлігі

Субсидиялар нормасы, теңге/тонна, литр, килограмм

1

Аммиак селитрасы

N - 34,4

тонна

62 500

Б маркалы аммиак селитрасы

N - 34,4

2

Тазартылған күкірт қышқылды калий (калий сульфаты)

K2O-53, SO3- 45

тонна

120 000

Калий сульфаты (Кrista SOP)

K2O-52, SO3- 45

Калий сульфаты

K2O-51, SO3- 45

Калий сульфат агрохимикаты

K2O-52, SO3- 45

3

Монокалийфосфат агрохимикаты

P 52 K 34

тонна

705 357

Krista MKP тыңайтқышы (монокалий фосфаты)

P2O5-52, K20-34

Монокалийфосфат

P2O5-52, K20-34

4

Yara Liva Calcinit тыңайтқышы (кальций нитраты)

N- 15,5, NH4-1,1, NO3-14,4, CaO-26,5

тонна

187 500

Yara Liva ТМ Calcinit
кальций нитраты

N- 15,5, NH4-1,1, NO3-14,4, CaO-26,5

Кальций нитраты

N-17; CaO-33

Кальций нитраты (кальций селитрасы), А маркасы

N-14,9; CaO-27,0

Концентрацияланған кальций нитраты

CaO-32; N-17

5

Yara Vita Rexolin D12 тыңайтқышы, DTPA темір хелаты

Fe-11,6

килограмм

2 667

ДТПА Fe маркалы түйіршіктелген "Хелатэм" микротыңайтқышы

Fe-11

6

Yara Vita Rexolin Zn15 тыңайтқышы, EDTA мырыш хелаты

Zn-14,8

килограмм

1 792

7

Yara Vita Rexolin Mn13 тыңайтқышы, EDTA марганец хелаты

Mn-12,8

килограмм

1 953

8

Yara Vita Rexolin Cu15 тыңайтқышы, EDTA мыс хелаты

Cu-14,8

килограмм

2 634

9

YaraVita BORTRAC 150

N-4,7, B-11 + адьюванты

литр

1 011

10

Күкірт қышқылды 7-сулы магний

MgO-16,4, S-12,9

тонна

107 143

Күкірт қышқылды 7-сулы магний (магний сульфаты)

MgO-16,9, S-13,5

Магний сульфаты (Krista MgS)

Mg2O-16, SO3- 32

Магний сульфаты

MgO-16,7; S13,3

11

Krista K Plus тыңайтқышы (калий нитраты)

N-13,7, NO3-13,7, K2O - 46,3

тонна

297 064

Калий нитраты

N-13,7, K2O -46

СХ маркалы техникалық калий селитрасы

N-13,7, K2O -46,3

12

Krista MAG тыңайтқышы (магний нитраты)

N-3-11, NO3-11, MgO - 15

тонна

193 125

Азот қышқылды 6-сулы магний (магний селитрасы)

MgO - 15,5; N-11,1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады