Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 497 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1656 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
реттік нөмірлері 11) және 12) жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 13) жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
13) | Жүйелі қызыл жегі | "Ритуксимаб" |
";
реттік нөмірі 43) жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
43) | Кеңейтілген кардиомиопатия | "Валсартан+сакубитрил" |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 75), 76), 77) жолдармен толықтырылсын:
"
75) | Жүйелі қызыл жегі | "Анифролумаб" |
76) | Қысқа ішек синдромы | "Тедуглутид" |
77) | Оптикомиелоневрит (Девик ауруы) | "Ритуксимаб" |
".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласы мәслихатының төрағасы | М. Отыншиев |