Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аққулы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы "Аққулы ауданының ауылдық округтерінің 2025 - 2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы" № 123/29 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 205018) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 4-қосымшаның нөмірленуінде 2025 жылға арналған Жамбыл ауылдық округінің бюджеті:
орыс тілінде "4" деген сан "7" деген санмен ауыстырылсын;
мемлекеттік тілдегі қосымшаның нөмірленуі өзгеріссіз қалдырылсын;
2) 20-қосымшаның нөмірленуінде 2027 жылға арналған Малыбай ауылдық округінің бюджеті:
орыс тілінде "20" деген сан "21" деген санмен ауыстырылсын;
мемлекеттік тілдегі қосымшаның нөмірленуі өзгеріссіз қалдырылсын;
3) 118-қосымшаның нөмірленуінде 2026 жылға арналған Қызылағаш ауылдық округінің бюджеті:
мемлекеттік тілде "118" деген сан "11" деген санмен ауыстырылсын;
орыс тілдегі қосымшаның нөмірленуі өзгеріссіз қалдырылсын;
4) 28-қосымшаның нөмірленуінде 2027 жылға арналған Шарбақты ауылдық округінің бюджеті:
мемлекеттік тілде "28" деген сан "27" деген санмен ауыстырылсын;
орыс тілдегі қосымшаның нөмірленуі өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аққулы аудандық мәслихатының төрағасы | А. Қасымова |