2025 жылға арналған мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифті бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 257/10 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген "Арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін қалыптастыру ережелері мен әдістемесіне" сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға арналған мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тариф бекітілсін.

      2. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келесі шараларды қамтамасыз ету тапсырылсын:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтына" ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдау;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Железин ауданы әкімінің бағыттаушы орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Аудан әкімі А. Шайхимов

  Железин ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша "30"
қазаны 2025 жыл № 257/10

2025 жылға арналған Железин ауданы бойынша мемлекеттік емес
секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тариф

Атауы

1 көрсетілетін қызметті алушыға ай сайынғы тарифтің мөлшері (теңге)

1.

Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

72893


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады