Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшаға сәйкес Баянауыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Баянауыл аудандық мәслихатының төрағасы | Р. Мұқашев |
| Баянауыл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 415/43 шешіміне қосымша |
Баянауыл аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Баянауыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 152/25 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5937 болып тіркелген);
2. Баянауыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі "Баянауыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 152/25 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 32/3 шешімі;
3. Баянауыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 113/13 шешімі.
