"CAML Exploration Limited" жеке компаниясына Баянауыл ауданы Торайғыр және Бірлік ауылдық округтері аумағынан жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 244/12 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69, 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасы, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 3612-EL қатты пайдалықазбаларды барлауға арналған лицензиясы негізінде, Баянауыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан Баянауыл ауданы Торайғыр және Бірлік ауылдық округтері аумағынан қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "CAML Exploration Limited" ЖК:

      1) жер учаскілерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықтау келісімі бойынша жүргізілсін;

      2) қатты пайдалы қазбаларды барлау мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын;

      3) жұмыстар аяқталғаннан кейін бүлінген жер учаскелерін одан әрі тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтірсін.

      3. Осы қаулының орындалуынбақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Арыстанбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Ксентаев

  Баянауыл ауданы әкімдігінің
  2025 жылғы "18"желтоқсандағы
№ 244/12 қаулысына
қосымша

Р/с

Меншік иесі, жер пайдаланушы

Ауданы, гектар

Нысаналы мақсаты

Сервитут мерзімі

Кадастрлық № 14-205

Жер учаскесінің орналасқан жері

1

"Жаңа өріс" ЖШС

838,08

Қатты пайдалы қазбаларды барлау

2031 жылғы 26 тамызға дейін

038-005

Баянауыл ауданы, Торайғыр ауылдық округі

2

Баймухаметов Ж.С.

97,2

038-031

3

Карекин Г.К

144,6

022-087

4

Мухатаева М.Б.

100,5

045-011

5

Ауданның босалқы жер қоры

18,9

-

6

Жортуылова К.М.

101,5

022-022

Баянауыл ауданы, Бірлік ауылдық округі


Жалпы көлемі

1300,78






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады