Ақтоғай ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 қарашадағы № 230/40 шешімі

      Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңның 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, 2025 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтоғай ауданында арнаулы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолданған кезде, салық төлеуші салық салу объектісіне есепті салық кезеңі үшін өз бетінше мөлшерлемені қолдану арқылы есептейтін, төлем көзінен ұсталған салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесі 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға дейін төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Мәслихат төрағасы Ж. Ташенев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады