Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" № 96/12 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 190353 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | Ж. Ташенев |
