Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 174 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 11-р "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" өкіміне сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтоғай ауданында қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуы "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкім Қ. Арынов

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 16 қырқүйектегі
№ 174 қаулысына
қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар
орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі

Қоғамдық жұмыс объектілері

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

1

"Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Аумақты жинау, тазалау; бұталарды кесу; ағаштарды отырғызу, ағарту; ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; шөп шабу; абаттандыру.

2

"Қараоба ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Аумақты жинау, тазалау; бұталарды кесу; ағаштарды отырғызу, ағарту; ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; шөп шабу; абаттандыру.

3

"Мүткенов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Аумақты жинау, тазалау; бұталарды кесу; ағаштарды отырғызу, ағарту; ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; шөп шабу; абаттандыру.

4

"Жолболды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Аумақты жинау, тазалау; Бұталарды кесу; Ағаштарды отырғызу, ағарту; Ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; Шөп шабу; Абаттандыру.

5

"Жалаулы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Аумақты жинау, тазалау; Бұталарды кесу; Ағаштарды отырғызу, ағарту; Ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; Шөп шабу; Абаттандыру.

6

"Қожамжар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Аумақты жинау, тазалау; Бұталарды кесу; Ағаштарды отырғызу, ағарту; Ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; Шөп шабу; Абаттандыру.

7

"Ақжол Ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Аумақты жинау, тазалау; Бұталарды кесу; Ағаштарды отырғызу, ағарту; Ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; Шөп шабу; Абаттандыру.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады