"Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы ҚАУЛЫ

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 7 қазандағы № 765/10 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 1173/11 қаулысымен бекітілген "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Ереженің 17-тармағының 36) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "36) Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді заңнамаға сәйкес беру";

      Ереженің 17-тармағының 38) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Бейсекин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады