Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Екібастұз қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 31 мамырдағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін тарату туралы" № 400/5 қаулысы негізінде, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы ""Екібастұз қаласы әкімдігінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 479/6 қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Екібастұз қаласының әкімі | А. Бейсекин |
