Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 18-бабы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, елді мекендер жерлері санатынан жер телімдеріне 11 (он бір) айға жалға алу мерзімімен уақытша өтеусіз жер пайдалану жағдайында "Павлодар-Водоканал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі | Х. Хабылбеков |
Павлодар қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "___" тамыздағы №______ қаулысына қосымша |
"Павлодар-Водоканал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне
қауымдық сервитут белгіленетін жер телімдерінің тізбесі
1. Павлодар қаласы, Рылеев көшесі (КНС-7-ден) мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы көлемі 0,0556 га жер теліміне, оның ішінде: көлемі 0,0017 га № 1 телімі, көлемі 0,0539 га № 2 телімі сумен жабдықтау және су бұру объектілерінің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін;
2. Павлодар қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы (Баймолдин көшесінен Радищев көшесіне дейін) мекенжайы бойынша орналасқан, көлемі 0,1079 га жер теліміне сумен жабдықтау және су бұру объектілерінің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін;
3. Павлодар қаласы, Амангелді көшесі (Ворушин көшесінен Ағайынды Дүйсембиновтер көшесіне дейін) мекенжайы бойынша орналасқан, көлемі 0,1038 га жер теліміне сумен жабдықтау және су бұру объектілерінің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін.